Қыз балалар денсаулығы – қоғамның болашағы: маңызды кездесуден тағылымды ақпарат
№148 мектеп-гимназиясында 8–9 сынып қыз оқушыларына арналған маңызды ақпараттық-танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Гинекология және акушерия факультетінің резидент-дәрігерлері қатысып, оқушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында қыз балалар денсаулығы, жеке бас гигиенасы, ерте жүктіліктің алдын алу, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптары кеңінен түсіндірілді.
Оқушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар мен пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің медициналық сауаттылығын арттырып, жауапты көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
Жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – жарқын болашақтың берік кепілі!
Толық видеоны төмендегі сілтемеден көре аласыздар.
https://www.instagram.com/p/DXorV17Cqmo/?hl=ru




