Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бітіруші түлек – ортақ назарда: маңызды мәселелер көтерілді
28
сәуір
2026

Бітіруші түлек – ортақ назарда: маңызды мәселелер көтерілді

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған маңызды жиналыс ұйымдастырылды.

Жиналысқа мектеп әкімшілігі, құқық қорғау органдарының өкілдері, прокуратура қызметкерлері, мектеп психологы және мектеп инспекторы қатысып, бітіруші сынып оқушыларының қауіпсіздігі мен жауапкершілігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында төмендегі маңызды мәселелер түсіндірілді:
🔹 Мектепішілік №201 бұйрық негізінде ақша жинауға және дастархан ұйымдастыруға қатаң тыйым салынатыны ескертілді;
🔹 Қорытынды емтихандар мен ҰБТ-ға дайындық, емтихан кестесі, уақытылы келу және мектеп формасын сақтау талаптары қарастырылды;
🔹 Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі уақытта жүруге және кортеж ұйымдастыруға жол берілмейтіні түсіндірілді.

Іс-шараның басты мақсаты – түлектердің білімді, тәртіпті және қауіпсіз ортада үлкен өмірге сенімді қадам басуына жағдай жасау.

🎓 №148 мектеп-гимназиясы – жарқын болашаққа бірге қадам!

📌 Іс-шараның толық видеосын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DXrQwFxCodx/?hl=ru











Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: