28
сәуір
2026
Әр тамшы – қымбат: суды үнемдейік
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Суды үнемдейік» тақырыбында танымдық әңгіме ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылармен бірге судың адам өміріндегі маңызы, оны тиімді пайдалану жолдары және табиғатты қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың және табиғи ресурстарды үнемдеудің маңыздылығын түсінді.
Аталған іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.

