29
сәуір
2026
Бір шаңырақ астында – біртұтас елміз!
Жетісу ауданында «Бір шаңырақ астында – біртұтас елміз» атты аудандық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған шараның басты мақсаты – еліміздегі татулық пен бірлікті нығайту, жас ұрпақтың бойына патриоттық құндылықтарды сіңіру және ұлттар арасындағы достықты дәріптеу.
Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттайтын түрлі шығармашылық бағдарламалар ұсынып, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, бірлік пен ынтымақты насихаттайтын мазмұнды қойылымдар мен көркем өнер көрсетілімдері ұйымдастырылды.
Мұндай тағылымды шаралар оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастырып, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.


