Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған сынып сағаты өтті
13
мамыр
2026

Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған сынып сағаты өтті

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында қазақтың көрнекті ақыны, драматург, әнші-сазгері Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойына орай сынып сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолымен танысып, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесі туралы жан-жақты мағлұмат алды. Сонымен қатар, ақынның өлеңдері оқылып, өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасы насихатталды.

Сынып сағатының мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, әдебиетке қызығушылығын оятып, рухани-адамгершілік тәрбие беру.

 Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы оқушылар халқымыздың мәдени мұрасын танып, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіреді.

https://www.instagram.com/p/DYThjzACtdJ/?hl=ru&img_index=5​​​



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: