Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қалалық семинар аясында ашық сабақ пен тәжірибе алмасу шарасы өткізілді
26
қараша
2025
Қалалық семинар аясында ашық сабақ пен тәжірибе алмасу шарасы
«Шебер мұғалім – оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың кілті» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған онкүндік барысында қалалық семинар өтті. Іс-шараға Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар шеңберінде Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Жошыбаева Мархабат 1-сынып оқушыларымен «Әә дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Іс-шараның
Оқушылардың ғылыми танымын арттырған ашық сабақ
25
қараша
2025
Оқушылардың ғылыми танымын арттырған ашық сабақ
Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясында 3 «Ғ» сынып оқушыларымен «Қан айналым жүйесі қалай жұмыс істейді?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясында 3 «Ғ» сынып оқушыларымен «Қан айналым жүйесі қалай жұмыс істейді?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты бастауыш сынып мұғалімі Нарбаева К.Ж. жоғары деңгейде ұйымдастырып, оқушыларға адам ағзасындағы қан айналым жүйесінің маңызы мен оның қызмет ету ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді. Сабақ барысында оқушылар
Мектептің экология министрлері «Мектепті таза сақтау» акциясын өткізді
21
қараша
2025
Мектептің экология министрлері «Мектепті таза сақтау» акциясын өткізді
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының экология министрлері мектептің тазалығын сақтау, оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Мектепті таза сақтау» акциясын ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар мектеп ауласын, сынып бөлмелерін және қоғамдық орындарды жинап, тазалық ережелерін қатаң сақтаудың маңызын көрсетті. Сонымен қатар, акция экологиялық жауапкершілік пен табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталды. Бұл шара мектеп қауымдастығында тазалық мәдениетін нығайтып,
Daryn Bagdar платформасымен бірлескен кәсіби бағдар тестілеуі өтті
21
қараша
2025
Daryn Bagdar платформасымен бірлескен кәсіби бағдар тестілеуі өтті
Кәсіби бағдар беру бағытында маңызды жұмыс жүргізілді 21.11.2025 күні №148 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушылары үшін Daryn Bagdar платформасымен бірлескен кәсіби бағдар тестілеуі ұйымдастырылды. Өткізілген тест түрлері: 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар тесті; AI-профориентатор тесті; Дэн Олвеустың «Буллинг» психологиялық тесті. Қатысушылар туралы ақпарат: Оқушылар саны: 20 Педагог-профориентатор: Бесбай Гүлмира Тестілеу уақыты: 11:00–11:25 Тестілеу жоғары деңгейде өткізілді,
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында бірінші тоқсан қорытындыланып, ата-аналар жиналысы өткізілді
20
қараша
2025
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында бірінші тоқсан
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 2025-2026 оқу жылының бірінші тоқсаны қорытындыланып, сыныптар арасында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі, пәндер бойынша жетістіктері және шығармашылық белсенділігі талқыланды. Ата-аналарға балалардың жетістіктері мен түзету қажет бағыттар туралы ақпарат беріліп, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын күшейту жолдары қарастырылды. Іс-шара оқушылардың оқу, тәрбие және тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге,
«Дос бол! Like» акциясы өткізілді
19
қараша
2025
«Дос бол! Like» акциясы өткізілді
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында оқушылардың достық қарым-қатынасын нығайту, бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру және цифрлық ортада этикалық тәртіпті сақтау дағдыларын дамыту мақсатында «Дос бол! Like» атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында оқушыларға достықтың адам өміріндегі рөлі, өзара сыйластық пен құрметтің маңызы түсіндіріліп, әлеуметтік желілерді қауіпсіз әрі мәдениетті қолдану жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, онлайн қарым-қатынастағы «дос болу» және
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында мектепішілік олимпиадалар өткізілді
18
қараша
2025
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында мектепішілік олимпиадалар
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында оқушылардың білім деңгейі мен қабілеттерін анықтау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектепішілік олимпиадалар өткізілді. Олимпиадалар барысында әр сынып оқушылары әртүрлі пәндер бойынша теориялық сұрақтар мен практикалық тапсырмаларды орындап, логикалық ойлау қабілеттерін, пәнді меңгеру деңгейін және шығармашылық ойлау дағдыларын көрсетті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың жоғары деңгейдегі облыстық
«Таза Қазақстан» жобасы аясында – қағаз қалдықтары қайта өңдеуге тапсырылды
18
қараша
2025
«Таза Қазақстан» жобасы аясында – қағаз қалдықтары қайта өңдеуге
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғауға үлес қосу мақсатында оқушылардың қатысуымен қағаз қалдықтарын жинау акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында жиналған қағаздар арнайы қабылдау орталығына тапсырылып, оқушыларға қайта өңдеу процесінің маңызы мен қоршаған ортаға тигізер пайдасы түсіндірілді. Бұл игі шара балалардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, табиғатты қорғауға бағытталған нақты қадам болды. 🌱 Таза ел – жарқын болашақ!
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
17
қараша
2025
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Буллингтен қорған»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 5 «Б» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Абилжанова Меруерт Хасенаевна «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар «Жағдайды талда» тапсырмасын орындап, буллингтің бар-жоғын анықтау, дұрыс әрекет жасау жолдарын және қате қылықтарды ажыратуды үйренді. Іс-шара балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және бір-біріне құрметпен қарауға бағытталды. https://www.instagram.com/p/DRJ7qOriuxD/?hl=ru
15 қараша – Теңге күніне арналған сынып сағаты өтті
17
қараша
2025
15 қараша – Теңге күніне арналған сынып сағаты өтті
15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күніне орай Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясында Теңге күніне арналған арнайы сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық валютамыздың пайда болу тарихымен танысып, тәуелсіз еліміз үшін теңгенің маңызы мен оның экономикалық дербестіктегі рөлін талқылады. Сонымен қатар ақша айналымы, қаржылық сауаттылық және жауапты тұтыну мәдениеті туралы маңызды мәліметтер берілді. Оқушылар «Теңге – тұрақтылық пен тәуелсіздік белгісі»