Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасанды интеллект мүмкіндіктерін кіріктіре отырып оқыту: қалалық семинар тәжірибесі
20
қараша
2025

Жасанды интеллект мүмкіндіктерін кіріктіре отырып оқыту: қалалық семинар тәжірибесі

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Бастауыш сыныптарда функционалдық сауаттылықты дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.

Семинар аясында 2 «Ж» сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Спанбетова Айсулу Рәтбекқызы әдебиеттік оқу пәнінен «Жыртық кітап жылады» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер қолданылып, оқу үдерісіне жасанды интеллект элементтері кіріктірілді. Сабақ мазмұны оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Қалалық семинар педагогтер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, заманауи білім беру талаптарына сай жоғары деңгейде өтті.


Толық нұсқасын көру үшін Instagram парақшамыздағы сілтемеге өтіңіздер. ​https://www.instagram.com/p/DRSO1ZACm7g/?hl=ru​​​







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: