Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық ойындар – мерекенің басты көрінісі
19
наурыз
2026

Ұлттық ойындар – мерекенің басты көрінісі

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Наурыз мейрамы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кең ауқымда және мазмұнды форматта аталып өтті.
Іс-шара барысында мектеп аумағында қазақ үй тігіліп, оның іші ұлттық нақышта безендірілді. Сонымен қатар, ұлттық тағамдар әзірленіп, дәстүрге сай мерекелік дастархан жайылды.
Мереке аясында білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптейтін ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, күй тартып, би билеп, сондай-ақ түрлі шығармашылық қойылымдар ұсынды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын көрмелер ұйымдастырылды.
Мерекенің маңызды бөлігі – Наурыз көже мен ұлттық тағамдардан жасалған мол дастархан болды. Білім алушылар ұлттық тағамдардың маңызымен танысып, олардың тәрбиелік мәнін терең түсінді. Ұлттық киім үлгілерін киіп, мерекелік көңіл күйді ерекше сезінді.
Іс-шара барысында оқушылардың қуанышты көңіл күйі айқын көрініс тауып, олар Наурыз мейрамының шынайы рухын сезіне білді. Сонымен қатар, ата-аналар тарапынан мектеп ұжымының еңбегіне жоғары баға беріліп, алғыс білдірілді.


Толық бейнероликті төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. 

https://www.instagram.com/p/DWXM5Qiii3L/?hl=ru,
https://www.instagram.com/p/DWCHB5LCpB9/?hl=ru














































Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: