Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
наурыз
2026

🌿 Дәстүр мен достық тоғысқан күн

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Наурыз мейрамы кең ауқымда, мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шаралар аясында білім алушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрлермен жақын танысты.

Мектеп көлемінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, ұлттық ойындар өткізілді. Сонымен қатар, сыныптарда ұлттық нақышта дастархандар жайылып, білім алушылар дәстүрлі тағамдардан дәм татты. Бұл іс-шаралар оқушылардың мерекеге деген қызығушылығын арттырып, ерекше көңіл күй сыйлады.



8 «В» сыныбы – мектепішілік концертке қатысып, ұлттық ойындарда белсенділік танытты. Сонымен қатар, сыныпта жайылған мерекелік дастарханнан дәм татып, мерекелік көңіл күйді бөлісті. 

Мерекелік атмосфераның толық бейнеролигін төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. ​https://www.instagram.com/p/DWEvvWvitUx/?hl=ru​​​





5 «Ә» сыныбы – Наурыз мейрамын ерекше жылулық пен шынайы көңіл күйде атап өтті. Сынып сағаты барысында білім алушылар Наурыз көже, қымыз, бауырсақ секілді ұлттық тағамдардың мән-мағынасын жүрекпен түсініп, өзара бөлісті.
Мереке аясында оқушылар шағын қойылым көрсетіп, ақ тілектерін арнап, бата беріп, ән шырқап, би биледі. Сонымен қатар, ұлттық ойындар – қол күрес пен асық ойнап, ерекше белсенділік танытты.
Дастархан басында жиналған сәттерде олардың арасындағы бауырмалдық пен достық қарым-қатынас айқын сезілді. Оқушылар бұл күннен ерекше әсер алып, Наурыз мейрамының шынайы рухын жүректерімен сезіне білді және алдағы мерекелерді асыға күтетіндіктерін қуанышпен жеткізді.


Мерекелік атмосфераның толық бейнеролигін төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DWZDXKxip9t/?hl=ru
















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: