Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
наурыз
2026

Көктем тынысы, Наурыз ырысы

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде, мазмұнды әрі жоғары деңгейде аталып өтті.
Мереке аясында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама барысында білім алушылар өз өнерлерін паш етіп, әсем ән, күмбірлеген күй және мың бұралған билер арқылы ұлттық рухты асқақтатты. Сонымен қатар, сахналық көріністер қойылып, Қыдыр ата келіп ақ батасын беріп, мерекенің мәнін арттыра түсті. Тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары өткізіліп, қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды.
Іс-шара барысында бесікке салу, тұсаукесер, сырға салу, беташар сынды ұлттық дәстүрлер сахналанып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Түрлі қойылымдар арқылы білім алушылар ұлттық құндылықтарды тереңінен сезіне білді.

Сонымен қатар, асық ату, арқан тарту, қол күрес, күрес, тоғызқұмалақ, бес тас және түрлі эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, білім алушылар белсенділік танытып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті.

Мереке соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, алғыс хаттар, мадақтамалар, медальдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.


Іс-шара барысында білім алушылардың қуанышы мен шаттығы айқын көрініс тауып, олардың бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық танытқаны ерекше байқалды. Оқушылар тарапынан мұндай мазмұнды мерекелерді жиі ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, ата-аналар қауымы да мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

Бұл мереке – бірлік пен татулықтың, салт-дәстүр мен ұлттық тәрбиенің жарқын көрінісіне айналды.
Наурыз әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен қуаныш әкелсін!


Толық бейнероликті төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DWISMvACul9/?hl=ru





























































Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: