06
мамыр
2026
Кішкентай қақпақтар – үлкен жақсылықтың бастауы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған «Мейірімді қақпақтар» қайырымдылық акциясы аясында оқушылар белсенділік танытып, пластикалық қақпақтар жинау жұмыстарына қатысты.
Аталған акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырумен қатар, оқушыларды қайырымдылық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында білім алушылар табиғатқа жауапкершілікпен қараудың маңызын түсініп, мейірімділік пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті.
Мектеп ұжымы акцияға белсенді қатысқан оқушыларға және қолдау білдірген ата-аналарға шынайы алғысын білдіреді.
Бірлескен игі істер арқылы қоғамға пайдалы бастамаларды жүзеге асыру жалғасын таба бермек.
Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар
https://www.instagram.com/p/DX6fLK0qaF4/?hl=ru
https://www.instagram.com/p/DX_zmu6Kxc3/?hl=ru







