Баланың қауіпсіздігі – ата-ана, мектеп және полицияның бірлескен ісі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Жетісу ауданы полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдер тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Іс-шара барысында бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Баланың қауіпсіздігі – отбасы мен қоғамның ортақ міндеті!
Төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DYPEthnKhYi/?hl=ru














