Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Заң – тәртіптің тірегі: қауіпсіз болашаққа қадам
30
сәуір
2026

Заң – тәртіптің тірегі: қауіпсіз болашаққа қадам

30 сәуір күні Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараға Жетісу ауданы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Алимбаев Данияр Алиевич қатысып, оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында маңызды ақпараттар берді.

Кездесу барысында сондай-ақ Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған жасөспірімдермен тікелей онлайн байланыс ұйымдастырылып, қылмысқа жол бермеу және дұрыс өмірлік таңдау жасау бойынша профилактикалық сұхбат жүргізілді.

Оқушылар іс-шара барысында өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық тәртіпті сақтау мен қауіпсіз өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы жан-жақты мәлімет алды.

📌 Төмендегі сілтеме арқылы толық материалды көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DYOkvLBKQVP/?hl=ru









Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: