Құсмұрын ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Құсмұрын ауылында жаңа №1 жалпы білім беретін мектеп салынды. Жаңа білім ордасы заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылар мен мұғалімдерге жайлы әрі қауіпсіз орта ұсынады. Мектептің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылып, кең, жарық сыныптар, IT-кабинеттер, пәндік зертханалар, спорт және акт залдары, кітапхана және коворкинг аймақтары қарастырылған.