Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде мерекелік концерт ұйымдастырылды.
06
наурыз
2026
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде мерекелік
Мерекелік шара барысында оқушылар мен ұстаздар нәзік жандыларға арнап әсем әндер шырқап, би билеп, жүрекжарды құттықтауларын жолдады. Концерттік бағдарлама көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, аналар мен ұстаздарға деген құрмет пен алғыстың жарқын көрінісіне айналды. Шара соңында барша нәзік жандыларға ізгі тілектер айтылып, мерекелік көңіл күй сыйланды. 
Қастерқызы Еркежан Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының қалалық кезеңінде ІІІ орын иегері атанды
04
наурыз
2026
Қастерқызы Еркежан Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының қалалық
Республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңінде 9 сынып оқушысы Қастерқызы Еркежан «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Оқушының жетекшісі – Салыкбаева А.А. Қастерқызы Еркежанға шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз! Бұл жетістік басқа оқушыларға да ғылым мен өнерге қызығушылықтарын арттырып, өз білімдерін дамытуға мотивация болсын. Мұндай нәтижелер оқушылардың ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамытуға және
Мақатаев мерейтойына арналған байқауда І орын
03
наурыз
2026
Мақатаев мерейтойына арналған байқауда І орын
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназия 2 «Д» сынып оқушысы Сейсенбекова Милена республикалық «Мақатаев оқулары» байқауында І орынға ие болып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқау қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Милена өз таланты мен өнерін көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Жетекшісі – Конжурсинова Азиза. Жас жеңімпазымызды шын жүректен
Жас зияткерлердің жарқын жеңісі
23
ақпан
2026
Жас зияткерлердің жарқын жеңісі
№148 мектеп-гимназиясы 11-сынып оқушылары Шаяхмет Дінмұхамед пен Нугманов Нұрым «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының қалалық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, республикалық кезең қорытындысы бойынша қатысушылар балл көрсеткіші негізінде ІІ орынға қол жеткізіп, өз білімдері мен зияткерлік деңгейлерін жоғары дәрежеде дәлелдеді. Бұл жетістік – білімге деген құштарлықтың, жүйелі дайындықтың және табандылықтың нақты нәтижесі. Оқушыларымыздың табысы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» – жаңа белеске бастар жол
09
ақпан
2026
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» – жаңа белеске бастар жол
№148 мектеп-гимназиясы 11-сынып оқушылары «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының қалалық кезеңінде жоғары білім деңгейін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Білім додасында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар республикалық кезеңге жолдама алып, мектеп абыройын тағы бір мәрте асқақтатты. Қатысушыларды байқауға дайындаған жетекшілері – Кашаулиева Э.К. және Сагимова Г.К. Олардың кәсіби шеберлігі мен жүйелі еңбегінің нәтижесінде оқушылар жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Жас зияткерлерімізді
Жетістіктерге толы жартыжылдық: үздік оқушылар марапатталды
21
қаңтар
2026
Жетістіктерге толы жартыжылдық: үздік оқушылар марапатталды
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында 8–11 сынып оқушылары арасында 2025–2026 оқу жылының І–ІІ тоқсан қорытындысы бойынша жетістіктерді саралау және үздік білім алушыларды марапаттау рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылды. Аталған кезеңде білім алушылар мектепішілік және аудандық олимпиадаларға, түрлі зияткерлік және шығармашылық байқауларға, сондай-ақ ғылыми жоба жарыстарына белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Оқушылар өз білімдері мен қабілеттерін жан-жақты дәлелдеп, мектеп
VIII қалалық педагогикалық оқулар аясындағы мектепішілік іріктеу байқауы өтті
16
қаңтар
2026
VIII қалалық педагогикалық оқулар аясындағы мектепішілік іріктеу
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында 2026 жылға арналған VIII қалалық педагогикалық оқулар аясында мектепішілік іріктеу байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, сондай-ақ аудандық кезеңге ұсынылатын үздік жұмыстарды іріктеу болып табылады. Мектепішілік іріктеу байқауына 7 мұғалім қатысып, өздерінің шығармашылық және әдістемелік бағыттағы жұмыстарын ұсынды. Ұсынылған жұмыстар мазмұнының
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында  №3 әдістемелік кеңес отырысы өтті
06
қаңтар
2026
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында №3 әдістемелік кеңес отырысы
2026 жылғы 05 қаңтарда Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында №3 әдістемелік кеңес отырысы ұйымдастырылды. Кеңестің тақырыбы: «Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының нәтижесі» Отырыста білім беру сапасын арттыруға бағытталған өзекті және тәжірибелік маңызы жоғары мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда: 🔹 STEM технологиялары және оларды білім беру үдерісінде қолдану Баяндамашы: математика пәнінің мұғалімі Әмір Қалдыбек 🔹 Бастауыш және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік
№148 мектеп-гимназиясының мұғалімі республикалық байқауда жүлделі орын иеленді
18
желтоқсан
2025
№148 мектеп-гимназиясының мұғалімі республикалық байқауда жүлделі
“Өрлеу” БАҰО” АҚФ “Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты” 2025 жылғы 12 желтоқсанда орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған республикалық «STEM-педагог» байқауын өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты – STEM білім беру саласындағы педагогтердің инновациялық тәжірибесін анықтау, қолдау және насихаттау. Республиканың түкпір-түкпірінен қатысқан 100-ден астам педагогтің арасынан Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Нургожина Ляйля
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
02
желтоқсан
2025
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің шығармашылық жобаларын таныстырып, ғылыми-зерттеу дағдыларын көрсетті. Барлық қатысушылардың еңбегі жоғары бағаланып, олардың шығармашылық және зерттеу қабілеттері ерекше атап өтілді. Іс-шара оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға, зерттеу жұмыстарына деген ынтасын күшейтуге және инновациялық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.