Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жақсылық пен ризашылыққа арналған мерекелік іс-шара
02
наурыз
2026
Жақсылық пен ризашылыққа арналған мерекелік іс-шара
1 наурыз – жүректегі ризашылық пен жылы лебізді білдіретін ерекше мереке. Бұл күн – үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру және бір-бірімізге мейірім мен қамқорлық көрсету мүмкіндігі. Мектебімізде Алғыс айту күніне арналған концерттік іс-шара ұйымдастырылды, онда оқушылар мен ұстаздар алғыс білдірудің түрлі көріністерін көрсетті. Осы мерекеде әрқайсымыз өмірімізге жарық сыйлаған адамдарға – ата-анамызға, ұстаздарымызға, достарымызға және жақындарымызға алғыс айтуға асығайық. Мектебіміздің
Ана – өмірдің шуағы
02
наурыз
2026
Ана – өмірдің шуағы
Ана – мейірімнің бастауы, махаббаттың мәңгілік символы. Ана жүрегі әрқашан баласы үшін соғып, шексіз қамқорлық пен жылулық сыйлайды. Оның әрбір ақылы – өмірлік сабақ, әрбір дұғасы – бізге қорған. 8 наурыз – көктемнің алғашқы шуақты мерекесі, аналарымызға деген алғыс пен құрметті білдіретін ерекше күн. Біздің әрбір жетістігіміздің артында ананың ақ тілеуі мен маңдай тері тұр. Осы мерекеге орай 8 «В» сынып оқушылары аналарына арнап жүрекжарды құттықтау дайындады. Оқушылар ән айтып, ән жолдарының
1 наурыз – ризашылық күні
01
наурыз
2026
1 наурыз – ризашылық күні
1 наурыз – жүректегі шынайы ризашылық пен жылы лебізді білдіретін ерекше мереке. Алғыс айту – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, бір-бірімізге мейірім мен қамқорлық танытудың белгісі. Осы күні әрқайсымыз өмірімізге жарық сыйлаған адамдарға – ата-анамызға, ұстаздарымызға, достарымызға және жақындарымызға алғыс айтуға асығамыз. Мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларына білім мен тәрбие жолында бірге еңбек етіп жүргендері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бірлігіміз бекем, жүрегіміз мейірімге
1 наурыз – Алғыс айту күні 🤍
01
наурыз
2026
1 наурыз – Алғыс айту күні 🤍
Бұл күн – жүректегі ризашылық пен жылы лебізді білдіретін ерекше мереке. Алғыс айту – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің, бір-бірімізге мейірім мен қамқорлық танытудың белгісі. Осы мерекеге орай 5 «Ә» сыныбының оқушылары аналарына хат жазу арқылы өздерінің алғыстары мен жылы лебіздерін білдірді. Осы мерекеде әрқайсымыз өмірімізге жарық сыйлаған жандарға – ата-анамызға, ұстаздарымызға, достарымызға және жақындарымызға алғыс айтуға асығайық. Мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларына білім мен
1 наурыз – Алғыс айту күні
01
наурыз
2026
1 наурыз – Алғыс айту күні
1 наурыз – жүректегі шынайы ризашылық пен жылы лебізді білдіретін ерекше мереке. Бұл күн – үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіріп, айналамыздағы жандарға алғыс айтып, мейірім мен қамқорлықтың қадірін сезінетін тағылымды күн. Алғыс айту – адамгершіліктің, сыйластық пен татулықтың көрінісі. Осы мереке әрбірімізге өмір жолымызда қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берген жандарға – ата-анамызға, ұстаздарымызға, достарымыз бен жақындарымызға ризашылығымызды білдіруге тағы бір мүмкіндік береді. Осы
Қалалық семинар аясында 6-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді
27
ақпан
2026
Қалалық семинар аясында 6-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 2026 жылғы 27 ақпан күні «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде функционалдық сауаттылықты арттыру құралы» атты қалалық семинар аясында 6-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы – Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі. Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сагимова Гульнур Кузтаевна жүргізді. Сабақ барысында оқушылар шығарманың тақырыбы мен идеясын талдап, кейіпкерлер бейнесіне жан-жақты талдау
Қазақ тілі пәнінен «Қазақтың салт-дәстүрлері. Үстеу» тақырыбында ашық сабақ өтті
27
ақпан
2026
Қазақ тілі пәнінен «Қазақтың салт-дәстүрлері. Үстеу» тақырыбында ашық
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 2026 жылғы 27 ақпан күні «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде функционалдық сауаттылықты арттыру құралы» атты қалалық семинар аясында 6 «Ғ» сыныбымен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы – «Қазақтың салт-дәстүрлері. Үстеу». Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрсұлтанова Айгерім Ардаққызы жүргізді. Сабақ барысында оқушылар ұлттық құндылықтарды заманауи білім беру технологияларымен ұштастыра отырып, үстеудің түрлерін
🏆 АЛМАТЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРДЫ!  📍 2026 жылғы 24–27 ақпан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 9–11 сынып оқушыларына арналған респ
27
ақпан
2026
🏆 АЛМАТЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРДЫ! 📍 2026 жылғы 24–27
2026 жылғы 24–27 ақпан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағытындағы қорытынды кезеңі өтті. Конкурс оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, дарынды жас зерттеушілерді қолдауға және еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған. Алматы қаласы бойынша іріктеліп,
Жақсылық – тәрбиенің көрінісі
27
ақпан
2026
Жақсылық – тәрбиенің көрінісі
Мектебіміздің 8 «Б» сынып оқушылары қасиетті Рамазан айында игі бастама көтеріп, ораза ұстаған ұстаздарға ауызашар уақытында су таратты. Бұл - кішкентай ғана әрекет болғанымен, оның тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың үлкенге құрмет көрсетуі, жанашырлық танытуы мен ізгі ниеті – олардың рухани құндылықтарды бойына сіңіріп келе жатқандығының айқын дәлелі. Осындай саналы әрі мейірімді шәкірттерімізбен мақтанамыз. Жас ұрпақтың жүрегіндегі имандылық пен адамгершілік қасиеттері мектеп қабырғасында
«Қалалық семинар аясында 10-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді»
27
ақпан
2026
«Қалалық семинар аясында 10-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 2026 жылғы 27 ақпан күні «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде функционалдық сауаттылықты арттыру құралы» атты қалалық семинар аясында 10-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы – Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі және әдеби сын. Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сатыбалдиева Ляззат Сабитовна жүргізді. Сабақ барысында оқушылар повестің көркемдік ерекшелігін, идеялық мазмұнын және ұстаз бейнесінің