Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
English Week | Almaty Famous People
04
ақпан
2026
English Week | Almaty Famous People
Ағылшын тілі апталығы аясында 5–10-сынып оқушылары «Almaty Famous People» тақырыбында танымдық жобалық жұмыстарын қорғады. Іс-шара барысында оқушылар Алматы қаласынан шыққан немесе қала тарихымен тығыз байланысты атақты тұлғалардың өмірбаянын зерттеп, олардың есімімен аталған көшелер, мәдени нысандар мен ғимараттар туралы ағылшын тілінде қысқаша жобалар ұсынды. Жобалар оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, зерттеу қабілеттерін арттыруға және туған өлкенің тарихына деген қызығушылығын
Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты назарда
03
ақпан
2026
Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты назарда
Мектеп басшылығының қатысуымен 10-сынып оқушылары (ұлдар) арасында тәрбиелік бағыттағы жиналыс өткізілді. Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, жеке жауапкершілік пен әдеп нормаларын ұстану мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға құқықтық нормаларды сақтау, қоғамдағы және мектептегі мінез-құлық мәдениеті, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы нақты мысалдар арқылы жеткізілді. Сонымен қатар, ашық пікір алмасу
Ағылшын тілі апталығы «Ұлы Шекспир әлемі» тақырыбымен қорытындыланды
02
ақпан
2026
Ағылшын тілі апталығы «Ұлы Шекспир әлемі» тақырыбымен қорытындыланды
02.02 күні мектепте ағылшын тілі апталығының жабылу салтанаты «Ұлы Шекспир әлемі» тақырыбында өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар әлем әдебиетінің көрнекті өкілі Уильям Шекспирдің шығармашылығымен танысты. «Ромео мен Джульетта» трагедиясынан үзінділер сахналанып, кейіпкерлер бейнесі көркем әрі әсерлі түрде ұсынылды. Сонымен қатар, оқушылар Шекспирдің сонеттерін мәнерлеп оқып, көрермендерге рухани әсер сыйлады. Ағылшын тілі апталығы аясында ұйымдастырылған барлық іс-шараларға белсенді қатысқан
Ата-аналар бақылауы – сапалы асхана кепілі
02
ақпан
2026
Ата-аналар бақылауы – сапалы асхана кепілі
Мектебімізде ата-аналардан құралған бракераждық комиссия тарапынан мектеп асханасының жұмысына жоспарлы тексеру жүргізілді. Тексеру барысында тағамдардың сапасы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, бекітілген ас мәзірінің талапқа сай орындалуы, сондай-ақ оқушыларға ұсынылатын тағамдардың қауіпсіздігі жан-жақты қарастырылды. Комиссия мүшелері асхананың тазалығына, тағам дайындау үдерісінің ұйымдастырылуына оң баға беріп, оқушылардың дұрыс әрі сапалы тамақтануына барлық қажетті жағдай
Жасанды интеллект пен STEAM бағытындағы аудандық TEDx іс-шарасы
30
қаңтар
2026
Жасанды интеллект пен STEAM бағытындағы аудандық TEDx іс-шарасы
30 қаңтар күні №148 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен аудандық TEDx форматындағы танымдық іс-шара өткізілді. Аталған шараға аудан мектептерінен келген дарынды оқушылар қатысып, білім мен идеялар тоғысқан үлкен алаңда бас қосты. Іс-шара екі кезең бойынша ұйымдастырылды. I турда қатысушылар «Жасанды интеллект» тақырыбы аясында 1,5–2 минут көлемінде өз ойларын еркін жеткізді. Оқушылардың ой ұшқырлығы, сөйлеу мәдениеті мен заманауи көзқарасы қазылар алқасы
Saken Seifullin – ұлттық қаһарман және қазақ мәдениеті мен тарихындағы маңызды тұлға
29
қаңтар
2026
Saken Seifullin – ұлттық қаһарман және қазақ мәдениеті мен
7 «B» сынып оқушысы Алибекқызы Айзере ағылшын тілі пәні мұғалімі Кыдырбекова Ляззат жетекшілігімен Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған таныстыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушылар Сәкен Сейфуллиннің қазақ халқы үшін атқарған қызметтері мен оның тарихи рөлімен танысты. Бұл шара оқушылардың тарихи тұлғаларға құрметпен қарауға, ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді бағалауға қызығушылығын арттыруға бағытталды. https://www.instagram.com/p/DUKacDeig_k/?hl=ru
Нурланбекова Ерия Қашқынбекқызы және Ахмади Мустафа мектебімізде қонақта болды
28
қаңтар
2026
Нурланбекова Ерия Қашқынбекқызы және Ахмади Мустафа мектебімізде
2026 жылғы 28 қаңтар күні мектепте ерекше кездесу өтті. Оқушылар қазақ тілінің қадірін түсіне отырып, ағылшын тілін жетік меңгерген, тіл білімін зерттеу арқылы көптеген ғылыми-әдістемелік еңбектер жазған, табандылығы мен үздіксіз ізденісінің арқасында биік жетістіктерге жеткен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісінің иегері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына, «Білім беру саласының Құрметті қызметкері»
Заманауи тәсілдер арқылы өткізілген ағылшын тілі сабағы
28
қаңтар
2026
Заманауи тәсілдер арқылы өткізілген ағылшын тілі сабағы
Ағылшын тілінен 4 «В» сыныбымен ашық сабақ өткізілді. Сабақты пән мұғалімі Мейрақын Б. жүргізді.  Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, әртүрлі заманауи әдістер арқылы тілдік дағдыларын дамытты: AI video арқылы жасырылған жемісті табу тапсырмасы  Run–Stop–Read әдісімен мәтін оқу және сұрақтарға жауап беру Search–Find–Collect әдісімен project жұмыс жүргізу Топтық, жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастырылып, бағалау My Shopping Receipt, рефлексия Parking Lot әдісімен жүргізілді. Сабақ
Ағылшын тілі пәні аясында “The Magic of Seasons” тақырыбында шығармашылық іс-шара өтті
28
қаңтар
2026
Ағылшын тілі пәні аясында “The Magic of Seasons” тақырыбында
3-сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс іс-шара “The Magic of Seasons” тақырыбында өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, сахнада еркін әрі сенімді өнер көрсетті. Бұл олардың сахнадағы алғашқы қатысулары болғандықтан, әрбір номер ерекше әсер қалдырды. Шара балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталды. Сонымен қатар, оқушылар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шараны ағылшын тілі пәнінің
Полиглот сайысы
27
қаңтар
2026
Полиглот сайысы
6-сынып оқушылары арасында өткен «Polyglot Game» сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылар бірнеше тілде білімдерін көрсетті, тапқырлықтарын танытып, тілге деген қызығушылықтарын дәлелдеді. Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз, ал жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз. Сайысты ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Досыбаева К., Оңдасынқызы О., Мейрақын Б. ұйымдастырды. https://www.instagram.com/p/DUKYL71ikdV/?hl=ru