Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сапарғали Бегалин: 130 жылдық тағылым
09
желтоқсан
2025
Сапарғали Бегалин: 130 жылдық тағылым
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай  📖 «Бала жүректің жыршысы – С. Бегалин 130 жыл» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, әдеби мұрасының маңызын тереңірек түсінді. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін толықтырып, шығармашылық ой-өрістерін дамытуға мүмкіндік алды.  Ұйымдастырушылар: кітапханашылар және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрсұлтанова Айгерім Ардаққызы
🍫 Chocolate Day
09
желтоқсан
2025
🍫 Chocolate Day
Тәттілер мен шоколадты ұнататындар үшін жағымды дәстүрлердің бірі – жақындарына шағын тәтті сыйлау. Сыныптасыңызға, құрбыңызға немесе досыңызға шоколад ұсыну арқылы күндерін жарық етіп, жақсы көңіл күй сыйлай аласыз. ✨ Шоколад – дәмімен ғана емес, адамның көңіл күйіне оң әсер ететін қасиетімен де ерекшеленеді. Баршаңызға жайлы, жағымды күн тілейміз. https://www.instagram.com/p/DR1SZCKCmPw/?hl=ru
3-сынып оқушылары арасында математика пәнінен функционалдық сауаттылықты тексеру
08
желтоқсан
2025
3-сынып оқушылары арасында математика пәнінен функционалдық
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында 3-сынып оқушылары арасында математика пәнінен функционалдық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында тест өткізілді. Тест тапсырмалары оқушылардың: Логикалық ойлау қабілетін; Математикалық ұғымдарды қолдану дағдыларын; Өмірлік жағдайларды талдау және шешу мүмкіндігін бағалауға бағытталған. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың оқу жетістіктерін анықтап, алдағы оқу үдерісін тиімді жоспарлауға мүмкіндік жасау.​https://www.instagram.com/p/DRyn2J5ioT6/?hl=ru​​​
Республикалық референдум – халық шешім қабылдайтын мүмкіндік
08
желтоқсан
2025
Республикалық референдум – халық шешім қабылдайтын мүмкіндік
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында оқушыларға республикалық референдум туралы түсінік беру мақсатында тәрбие сағаты өткізілді. Референдум – маңызды заңдар мен мемлекеттік шешімдер бойынша халықтың тікелей дауыс беру арқылы пікір білдіруі. Бұл – демократияның негізгі қағидаларының бірі және әрбір азаматтың жауапкершілігі. Оқушылар референдумның мәнін түсініп, өз болашағына жауапкершілікпен қарауды үйренді. https://www.instagram.com/p/DR_UtC_it0i/?hl=ru
«Өнерлі ұстаз – 2025»
08
желтоқсан
2025
«Өнерлі ұстаз – 2025»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Жетісу ауданы көркем еңбек және музыка пәні мұғалімдері арасында өткен «Өнерлі ұстаз – 2025» байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Байқау барысында педагогтар кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілетін, пәнге деген сүйіспеншілігін, сондай-ақ инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудағы ізденісін көрсетті. Өнер мен педагогиканы үйлестіре білген ұстаздар эстетикалық тәрбиенің маңызын ашып, өз тәжірибелерімен бөлісті. 🏆 Байқау жеңімпаздары: 🥇 1-орын
Тыйым салынған заттардың алдын алу бойынша қауіпсіздік түсіндіру жұмыстары
05
желтоқсан
2025
Тыйым салынған заттардың алдын алу бойынша қауіпсіздік түсіндіру
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тыйым салынған заттарды (кастет, патрон және басқа оқ-дәрілер) алып келудің қауіптілігі мен заң алдындағы жауапкершілігі бойынша арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мектеп инспекторы Сальменов Рауан қатысып, оқушыларға қолданыстағы заң талаптарын түсіндірді. Инспектор тыйым салынған заттарды мектепке алып келу немесе сақтау әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.
Тыйым салынған заттардың алдын алу бойынша қауіпсіздік сабақтары өткізілді
03
желтоқсан
2025
Тыйым салынған заттардың алдын алу бойынша қауіпсіздік сабақтары
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және тыйым салынған заттарды мектеп аумағына әкелудің алдын алу мақсатында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сабақ барысында келесі тақырыптар қарастырылды: Кастет, патрон және басқа да тыйым салынған заттардың түрлері; Оларды мектепке әкелудің заң алдындағы жауапкершілігі; Оқушылардың өзін-өзі қорғаудың қауіпсіз әрі заңды жолдары. Сонымен қатар, мұғалімдер мен инспекторлар тарапынан
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
02
желтоқсан
2025
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің шығармашылық жобаларын таныстырып, ғылыми-зерттеу дағдыларын көрсетті. Барлық қатысушылардың еңбегі жоғары бағаланып, олардың шығармашылық және зерттеу қабілеттері ерекше атап өтілді. Іс-шара оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға, зерттеу жұмыстарына деген ынтасын күшейтуге және инновациялық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.
«Тарих және Жасанды Интеллект: өткенді тану – болашақты болжау» атты онкүндік басталды
01
желтоқсан
2025
«Тарих және Жасанды Интеллект: өткенді тану – болашақты болжау» атты
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында 01.12.2025 – 11.12.2025 аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігінің «Тарих және Жасанды Интеллект: өткенді тану – болашақты болжау» атты онкүндігі ұйымдастырылуда. Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың тарихи танымын кеңейту; Жаңа технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісінде тиімді қолдану; Зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру. Онкүндік барысында пәндік сайыстар, көрмелер, викториналар, ашық сабақтар және жобалық жұмыстар өткізіледі.
«Заң және тәртіп» секторы — мектептегі қауіпсіздік пен жауапкершіліктің тірегі
01
желтоқсан
2025
«Заң және тәртіп» секторы — мектептегі қауіпсіздік пен
№148 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы оқушылардың белсенділігін арттыру, мектепішілік тәртіпті сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. «Заң және тәртіп» секторының негізгі міндеттері: Мектептің ішкі тәртіп ережелерінің орындалуын қадағалау; Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру; Тәртіп бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру; Сыныптар арасында түсіндіру және профилактикалық әңгімелер өткізу; Қауіпсіз білім беру ортасын