20
сәуір
2026
Ізденіс пен шабыт жолындағы жас маман
Ізденіс пен инновация үндескен жас маман
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрсұлтанова Айгерім Ардаққызы — мектебіміздегі жас та болса ізденімпаз, шығармашыл әрі жаңашыл педагогтердің бірі. Мектеп қабырғасында 3 жыл көлемінде еңбек етіп келе жатқан ұстаз осы уақыт аралығында кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды тиімді енгізуімен ерекшеленіп келеді.Педагог оқу үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға және сапалы білім беруге бағытталған әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде қолданып келеді. Сонымен қатар кәсіби дамуға ұмтылып, түрлі ғылыми-әдістемелік, қалалық және республикалық деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысып жүр.
Осы ізденіс пен үздіксіз дамудың нәтижесінде мұғалімнің кәсіби жетістіктері де жыл сайын артып келеді.
Мұғалімнің жетістіктері
«ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Аталған қалалық семинар аясында белсенді тәжірибе бөліскені үшін Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды.

