Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кәсіби жетістік: Президент атынан Алғыс хат табысталды
30
наурыз
2026
Кәсіби жетістік: Президент атынан Алғыс хат табысталды
М ектебіміздің директоры Касымова Камшат Темирбековна Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғаға белсенді қатысқаны үшін жоғары деңгейдегі марапатқа ие болды. Еліміздің жаңа Конституциясы жобасын сапалы әзірлеуге, оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан Алғыс хатпен марапатталды. Бұл жетістік – басшымыздың кәсіби біліктілігі мен азаматтық
Білім берудегі заманауи тәсілдер – кәсіби дамудың кепілі
20
наурыз
2026
Білім берудегі заманауи тәсілдер – кәсіби дамудың кепілі
Алматы қаласы Білім басқармасы және Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 19–20 наурыз күндері көктемгі каникул кезеңінде «Бастауышта STEM және пәнаралық оқыту арқылы функционалды және ғылыми сауаттылықты дамыту» тақырыбында каскадты оқыту курс-практикумы өткізілді. Аталған курс Сингапур мемлекетінің озық тәжірибесін таратуға бағытталып, білім беру үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізудің тиімді жолдарын қарастырды.
Тағдыр тәлкегі мен қоғам шындығы: «Бақытсыз Жамал»
18
наурыз
2026
Тағдыр тәлкегі мен қоғам шындығы: «Бақытсыз Жамал»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 8 «А» сынып оқушылары қазақ әдебиетінің көрнекті туындысы – «Бақытсыз Жамал» романын оқып, шығармаға мазмұндық және тәрбиелік тұрғыда талдау жасады. Сабақ барысында білім алушылар шығарманың негізгі кейіпкерлерін, сюжеттік желісін және автор көтерген өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Кейіпкерлер тағдыры оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың адамгершілік құндылықтар туралы түсінігін кеңейтті. Аталған шығарма – қазақ
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Көрісу күні мерекесі ұйымдастырылды
13
наурыз
2026
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Көрісу күні мерекесі ұйымдастырылды
14 наурыз күні Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін Көрісу күні ерекше мазмұнда аталып өтті. Мектеп ауласында ұлттық салт-дәстүрге сай қазан көтеріліп, бауырсақ пісіріліп, самауырдан шай дайындалды. Киіз үй тігіліп, ұлттық нақыштағы дастархан жайылып, мерекелік атмосфера қалыптасты. Іс-шара барысында білім алушылар, ата-аналар және ұстаздар домбыра мен жетігеннің әуенімен қарсы алынып, бір-біріне ізгі тілектерін арнап, көрісіп қауышты. Бұл күні қатысушылар
«№148 мектеп-гимназия 11 сынып оқушысы Шаяхмет Дінмұхамед республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде ІІ орынға ие болды»
10
наурыз
2026
«№148 мектеп-гимназия 11 сынып оқушысы Шаяхмет Дінмұхамед
№148 мектеп-гимназия оқушылары республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде тамаша нәтижеге қол жеткізді. Жүлдегер: Химия пәні, 11 сынып: Шаяхмет Дінмұхамед – ІІ орын Шаяхмет Дінмұхамедті шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік оқушылардың ғылыми қызығушылығын арттырып, басқа қатысушыларға да білімдерін шыңдауға және жаңа жетістіктерге жетуге мотивация болсын.
«№148 мектеп-гимназия оқушылары Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде жүлделі орындарға ие болды»
10
наурыз
2026
«№148 мектеп-гимназия оқушылары Республикалық ғылыми жобалар
№148 мектеп-гимназия оқушылары Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Жүлдегерлер: Қазақ әдебиеті секциясы, 9 сынып: Қастерқызы Еркежан – ІІ орын Қазақ әдебиеті секциясы, 9 сынып: Қоштай Амина – ІІ орын Биология секциясы, 8А сынып: Тілеухан Әмина, Молдасан Торғын – ІІ орын Адам және қоғам секциясы, 11 сынып: Мамырбек Бекнұр – ІІІ орын Информатика секциясы, 9 сынып: Оралбек Дарын, Өтенбай Әмина – ІІІ орын Өлкетану секциясы, 10 сынып: Бақтыбай
148 мектеп-гимназиясында «Буккросинг – өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» акциясы өтті
09
наурыз
2026
148 мектеп-гимназиясында «Буккросинг – өзің оқысаң, өзгеге табыс ет»
Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған бұл акция оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және сынып ішінде шығармашылық ой бөлісуге арналған. Іс-шара барысында оқушылар өздері оқып шыққан қызықты кітаптарды сыныптарына ұсынып, мазмұны мен ерекше тұстарын қысқаша әңгімеледі. Арнайы назар 1 сынып оқушыларына аударылды: жасөспірімдерге кітап оқуды сүйікті іс ретінде қалыптастыру, оқуға деген ынтасын арттыру – мектептің басты мақсаттарының бірі. Бұл іс-шара
Қастерқызы Еркежан Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының қалалық кезеңінде ІІІ орын иегері атанды
04
наурыз
2026
Қастерқызы Еркежан Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының қалалық
Республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңінде 9 сынып оқушысы Қастерқызы Еркежан «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Оқушының жетекшісі – Салыкбаева А.А. Қастерқызы Еркежанға шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз! Бұл жетістік басқа оқушыларға да ғылым мен өнерге қызығушылықтарын арттырып, өз білімдерін дамытуға мотивация болсын. Мұндай нәтижелер оқушылардың ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамытуға және
Жақсылық пен ризашылыққа арналған мерекелік іс-шара
02
наурыз
2026
Жақсылық пен ризашылыққа арналған мерекелік іс-шара
1 наурыз – жүректегі ризашылық пен жылы лебізді білдіретін ерекше мереке. Бұл күн – үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру және бір-бірімізге мейірім мен қамқорлық көрсету мүмкіндігі. Мектебімізде Алғыс айту күніне арналған концерттік іс-шара ұйымдастырылды, онда оқушылар мен ұстаздар алғыс білдірудің түрлі көріністерін көрсетті. Осы мерекеде әрқайсымыз өмірімізге жарық сыйлаған адамдарға – ата-анамызға, ұстаздарымызға, достарымызға және жақындарымызға алғыс айтуға асығайық. Мектебіміздің
Қалалық семинар аясында 6-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді
27
ақпан
2026
Қалалық семинар аясында 6-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 2026 жылғы 27 ақпан күні «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде функционалдық сауаттылықты арттыру құралы» атты қалалық семинар аясында 6-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы – Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі. Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сагимова Гульнур Кузтаевна жүргізді. Сабақ барысында оқушылар шығарманың тақырыбы мен идеясын талдап, кейіпкерлер бейнесіне жан-жақты талдау