Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» атты семинар-тренинг өтті
16
қазан
2025

«Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» атты семинар-тренинг өтті

2025 жылғы 15–16 қазан күндері Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының бастамасымен Алматы қаласы Білім басқармасы және «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» тақырыбында семинар-тренинг жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар әділетті қоғам ұғымының мәні мен маңызын терең түсініп, саяси тұрақтылықтың, адам құқықтарын сақтау мен азаматтық жауапкершіліктің, сондай-ақ құндылықтарға негізделген басқару жүйесінің қоғам дамуына тигізетін әсері туралы маңызды ақпарат алды.

Семинар бағдарламасына теориялық және практикалық бөлімдер енгізіліп, қатысушылар интерактивті тапсырмалар мен пікірталастар арқылы өз ойларын ортаға салып, әділетті қоғам құрудағы әрбір азаматтың рөлі мен жеке жауапкершілігі жайында ой түйді.

Қорытындылай келе, мұндай іс-шаралар жастардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыруда, қоғамдық белсенділігін арттыруда және патриоттық құндылықтарды нығайтуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Аталған семинар-тренингке №148 мектеп-гимназиясының өзін-өзі басқару ұйымының президенті Тұрсынбай Аңсар қатысты.


https://www.instagram.com/p/DP3r7Hdis6g/?hl=ru&img_index=1

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: