27
ақпан
2026
Қазақ тілі пәнінен «Қазақтың салт-дәстүрлері. Үстеу» тақырыбында ашық сабақ өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 2026 жылғы 27 ақпан күні «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде функционалдық сауаттылықты арттыру құралы» атты қалалық семинар аясында 6 «Ғ» сыныбымен ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың тақырыбы – «Қазақтың салт-дәстүрлері. Үстеу». Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрсұлтанова Айгерім Ардаққызы жүргізді.
Сабақ барысында оқушылар ұлттық құндылықтарды заманауи білім беру технологияларымен ұштастыра отырып, үстеудің түрлерін өмірлік жағдаяттармен байланыстырып талдады. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы білім алушылардың сыни ойлау дағдылары дамытылып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға бағытталған тапсырмалар орындалды.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, семинарға қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.
Осындай тәжірибелік маңызы зор іс-шаралар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.
https://www.instagram.com/p/DVcVsCFDBMu/?hl=ru