Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық семинар аясында 6-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді
27
ақпан
2026

Қалалық семинар аясында 6-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 2026 жылғы 27 ақпан күні «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде функционалдық сауаттылықты арттыру құралы» атты қалалық семинар аясында 6-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың тақырыбы – Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі. Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сагимова Гульнур Кузтаевна жүргізді.
Сабақ барысында оқушылар шығарманың тақырыбы мен идеясын талдап, кейіпкерлер бейнесіне жан-жақты талдау жасады. Сонымен қатар жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану арқылы мәтін мазмұнына талдау жүргізіліп, білім алушылардың сыни ойлау, өз пікірін дәлелдеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, семинарға қатысушы педагогтер тарапынан оң бағасын алды.
Аталған іс-шара педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына және білім беру үдерісінде заманауи технологияларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Аталған іс-шараға қатысты фотолар мен видеоларды біздің Instagram парақшамыздан көре аласыздар https://www.instagram.com/p/DVeCzUJirwf/?hl=ru




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: