Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасанды интеллект» құралдарын қолдану арқылы қазақ тілі пәнінен ашық сабақ ұйымдастырылды
27
ақпан
2026

«Жасанды интеллект» құралдарын қолдану арқылы қазақ тілі пәнінен ашық сабақ ұйымдастырылды

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 2026 жылғы 27 ақпан күні «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде функционалдық сауаттылықты арттыру құралы» атты қалалық семинар аясында 8-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың тақырыбы – «Баланың жас ерекшелігі. Жай сөйлемдерді құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану». Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омарбекова Жазира Қыздархановна жүргізді.
Сабақ барысында оқушылар жас ерекшелігіне сәйкес тілдік қолданыстарды талдап, жай сөйлемдердің құрылымдық түрлерін өмірлік жағдаяттармен байланыстыра отырып қолданды. Жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың талдау, салыстыру, жүйелеу дағдылары дамытылып, теориялық білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы бекітуге мүмкіндік жасалды.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, семинар қатысушылары тарапынан кәсіби тұрғыда оң бағаланды.
Мұндай тәжірибелік маңызы зор іс-шаралар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды тиімді енгізуге ықпал етеді.

https://www.instagram.com/p/DVeDMbNijp1/?hl=ru







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: