Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қалалық семинар аясында 10-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді»
27
ақпан
2026

«Қалалық семинар аясында 10-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді»

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 2026 жылғы 27 ақпан күні «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде функционалдық сауаттылықты арттыру құралы» атты қалалық семинар аясында 10-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың тақырыбы – Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі және әдеби сын. Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сатыбалдиева Ляззат Сабитовна жүргізді.
Сабақ барысында оқушылар повестің көркемдік ерекшелігін, идеялық мазмұнын және ұстаз бейнесінің қоғамдық маңызын жан-жақты талдады. Жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану арқылы білім алушылар мәтінге әдеби сын тұрғысынан баға беріп, өз ойларын дәлелді түрде жеткізуге дағдыланды.
Теориялық білім практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыс түрлері ұйымдастырылды.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, семинар қатысушылары тарапынан кәсіби тұрғыда жоғары бағаланды.
Осындай мазмұнды іс-шаралар педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби шеберлігін жетілдіруге және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды тиімді енгізуге мүмкіндік береді.

https://www.instagram.com/p/DVeEud1ClEV/?hl=ru










Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: