Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Цифрлық қауіпсіздік әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шара өтті
15
қазан
2025
«Цифрлық қауіпсіздік әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шара өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика апталығы аясында информатика пәні мұғалімі Абилжанова Меруерт Хасенаевнаның ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында «Цифрлық қауіпсіздік әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың интернет пен цифрлық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру, цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және жас мобилографтарды дайындау болып табылды. Оқушылар Canva және CapCut қосымшаларында
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында ашық сабақ өткізілді
15
қазан
2025
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында «Сандар мен кодтар әлемінде» атты математика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында математика пәнінің мұғалімі Калдыбек Әмір 11 «Ә» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс». Сабақтың басында оқушылар қазақтың көрнекті ғалымы Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевтің сыныпқа арналған тілегін тыңдады. Мұғалім жаңа тақырыпты қысқаша слайд арқылы түсіндіріп, оқушылардың белсенділігін арттырды.
«Зерделі ұрпақ» аудандық математикалық олимпиадасынан Бас жүлде!
15
қазан
2025
«Зерделі ұрпақ» аудандық математикалық олимпиадасынан Бас жүлде!
2025 жылғы 15 қазан күні өткен «Зерделі ұрпақ» аудандық математикалық олимпиадасына Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде дәлелдеді. Нәтижесінде, мектебіміздің жас зияткерлері ерекше білімдерімен көзге түсіп, Бас жүлдеге ие болды! Олимпиада жеңімпаздары: Қырбасова Алия – 4 «А» сынып Бекбатыр Ерасыл – 4 «Ә» сынып Жуманзазин Ералы – 4 «А» сынып Бейбітұлы Алинұр – 4 «В» сынып Арал Әліхан – 4 «Б» сынып Ахметжан Ғазали – 4 «Ж» сынып
«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді
15
қазан
2025
«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында ерте жүктіліктің алдын алу жоспары аясында оқушылармен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Кездесу барысында мамандар мен сынып жетекшілері жасөспірімдерге жеке жауапкершілік, салауатты өмір салты, отбасылық құндылықтар және өз денсаулығына ұқыпты қарау мәселелері бойынша кеңестер берді. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың санасында жауапкершілік сезімін қалыптастыру, өмірге дұрыс көзқарас қалыптастыру және өзін-өзі қорғау мәдениетін дамыту
Екілік ақпаратты ұсыну тақырыбында ашық сабақ өтті
14
қазан
2025
Екілік ақпаратты ұсыну тақырыбында ашық сабақ өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика пәндері онкүндігі аясында информатика пәнінің мұғалімі Абилжанова Меруерт Хасенаевна 5 «Б» сыныбымен «Екілік ақпаратты ұсыну» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың екілік санау жүйесі туралы түсініктерін қалыптастыру, ондық және екілік сандарды өзара түрлендіру дағдыларын дамыту, ақпаратты кодтау және декодтау үдерістерінің негізгі принциптерін тәжірибелік түрде меңгерту. Сабақ барысында оқушылар
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары өткізілді
14
қазан
2025
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсіндірме
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға бейбіт өмірдің маңызы, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау жолдары, сондай-ақ теріс діни ағымдардың зияны мен олардың алдын алу тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақтың бойында толеранттылық, отансүйгіштік, рухани тұрақтылық және қоғамдық жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру болып
«Ұстаз ана» фильмі негізінде өткен тәрбиелік шара
13
қазан
2025
«Ұстаз ана» фильмі негізінде өткен тәрбиелік шара
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 1–7 сынып оқушыларына арналған тәрбиелік маңызы зор іс-шара ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты барысында оқушылар «Ұстаз ана» көркем фильмін тамашалады. Фильмде бейнеленген аналық мейірім, ұстаздық жанашырлық және шәкіртке деген шексіз қамқорлық жас көрермендердің жүрегіне терең әсер етіп, ерекше тебіреніс тудырды. Оқушылар ұстаз еңбегінің қадірін сезініп, адамгершілік, алғыс және құрмет сынды асыл құндылықтардың маңызын ұғынды. Аталған шара — өскелең ұрпақты
«Сан мен кодтың тылсым әлемі» онкүндігі басталды
13
қазан
2025
«Сан мен кодтың тылсым әлемі» онкүндігі басталды
2025 жылғы 13–23 қазан аралығында мектебімізде математика және информатика пәндері бойынша «Сан мен кодтың тылсым әлемі» атты танымдық онкүндіктің ашылу рәсімі өткізілді. Онкүндіктің мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, цифрлық сауаттылығын арттыру және оларды заманауи ғылымға жақындату. Іс-шара барысында пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі: 🔹 Ашық сабақтар; 🔹 Пәндік олимпиадалар; 🔹 Практикалық тәжірибелер (ракета ұшыру және т.б.);
Таңғы дене жаттығулары – сергек күннің бастауы
09
қазан
2025
Таңғы дене жаттығулары – сергек күннің бастауы
Бүгін мектепте оқу күні дәстүрлі түрде таңғы дене жаттығуларымен басталды. Бұл бастама – салауатты өмір салтын насихаттаудың, оқушылардың бойында шынығуға деген қызығушылықты арттырудың және күні бойғы сергек көңіл күй қалыптастырудың тиімді жолы. Таңғы жаттығулар: Оқушылардың денсаулығын нығайтуға; Көңіл-күйін көтеріп, сабаққа деген ынтасын арттыруға; Тәртіпке баулуға және күн тәртібін дұрыс ұстануға ықпал етеді. Белсенді қозғалыс – денсаулықтың кепілі. Күнделікті таңғы гимнастика мектеп
«Білімді мыңды жығады» зияткерлік сайысы өтті
08
қазан
2025
«Білімді мыңды жығады» зияткерлік сайысы өтті
Мектеп кітапханасында 5-сынып оқушылары арасында «Білімді мыңды жығады» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараны 6 “Ғ” сынып жетекшісі Нұрсұлтанова А. және 5 “Д” сынып жетекшісі Сагипова Г. К. бірлесіп өткізді. Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында оқушылар: Түрлі пәндер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді; Топпен жұмыс жасап, бір-бірімен пікір алмасты; Жылдам