«Ұлы дала серілері – Ақан сері» тақырыбында ашық музыка сабағы өтті
Мектебімізде Ұлы дала мәдениеті мен өнерін дәріптеу мақсатында 3-сынып оқушыларымен «Ұлы дала серілері – Ақан сері» тақырыбында ашық музыка сабағы өткізілді. Сабақ барысында білім алушылар қазақтың көрнекті әнші-композиторы, сал-серілік дәстүрдің жарқын өкілі Ақан сері шығармашылығымен танысып, ұлттық музыка өнерінің ерекшеліктері мен рухани құндылықтары туралы мағлұмат алды. Оқушылар халық әндерінің мазмұны мен көркемдік сипатын талдап, қазақ музыка мәдениетінің тарихи маңызын зерделеді. Ашық