Кітапханаға танымдық экскурсия – білімге бастар жол
№148 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін кітапханаға танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларды кітап әлемімен таныстыру, кітапхана қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру. Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың құрылымы, бөлімдері және кітап қорының мазмұнымен танысты. Сонымен қатар, кітапханадағы заманауи қызмет түрлері туралы кеңінен ақпарат беріліп, кітаптарды іздеу, таңдау және оқу