Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ерлікке тағзым: Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы
11
желтоқсан
2025
Ерлікке тағзым: Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы
Жетісу ауданына қарасты №148 мектеп-гимназиясында 7 «А» сыныбымен Желтоқсан оқиғасына арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны тарих пәні мұғалімі Исахов Ердәулет өткізді. Мектеп кітапханашылары Бекқазиева Күлпәш пен Қосаманова Ж. Желтоқсан оқиғасына қатысты құнды деректерді қамтыған кітап көрмесін ұсынып, оқушыларға мазмұнды мәліметтер берді. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Оқушылар сарайының педагогтері Күляш Қасеновна мен Ляззат Ауесхановна қатысып, тақырыптың маңыздылығына
Сапарғали Бегалин: 130 жылдық тағылым
09
желтоқсан
2025
Сапарғали Бегалин: 130 жылдық тағылым
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай  📖 «Бала жүректің жыршысы – С. Бегалин 130 жыл» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, әдеби мұрасының маңызын тереңірек түсінді. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін толықтырып, шығармашылық ой-өрістерін дамытуға мүмкіндік алды.  Ұйымдастырушылар: кітапханашылар және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрсұлтанова Айгерім Ардаққызы
Республикалық референдум – халық шешім қабылдайтын мүмкіндік
08
желтоқсан
2025
Республикалық референдум – халық шешім қабылдайтын мүмкіндік
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында оқушыларға республикалық референдум туралы түсінік беру мақсатында тәрбие сағаты өткізілді. Референдум – маңызды заңдар мен мемлекеттік шешімдер бойынша халықтың тікелей дауыс беру арқылы пікір білдіруі. Бұл – демократияның негізгі қағидаларының бірі және әрбір азаматтың жауапкершілігі. Оқушылар референдумның мәнін түсініп, өз болашағына жауапкершілікпен қарауды үйренді. https://www.instagram.com/p/DR_UtC_it0i/?hl=ru
«Өнерлі ұстаз – 2025»
08
желтоқсан
2025
«Өнерлі ұстаз – 2025»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Жетісу ауданы көркем еңбек және музыка пәні мұғалімдері арасында өткен «Өнерлі ұстаз – 2025» байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Байқау барысында педагогтар кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілетін, пәнге деген сүйіспеншілігін, сондай-ақ инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудағы ізденісін көрсетті. Өнер мен педагогиканы үйлестіре білген ұстаздар эстетикалық тәрбиенің маңызын ашып, өз тәжірибелерімен бөлісті. 🏆 Байқау жеңімпаздары: 🥇 1-орын
Тыйым салынған заттардың алдын алу бойынша қауіпсіздік сабақтары өткізілді
03
желтоқсан
2025
Тыйым салынған заттардың алдын алу бойынша қауіпсіздік сабақтары
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және тыйым салынған заттарды мектеп аумағына әкелудің алдын алу мақсатында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сабақ барысында келесі тақырыптар қарастырылды: Кастет, патрон және басқа да тыйым салынған заттардың түрлері; Оларды мектепке әкелудің заң алдындағы жауапкершілігі; Оқушылардың өзін-өзі қорғаудың қауіпсіз әрі заңды жолдары. Сонымен қатар, мұғалімдер мен инспекторлар тарапынан
«Тарих және Жасанды Интеллект: өткенді тану – болашақты болжау» атты онкүндік басталды
01
желтоқсан
2025
«Тарих және Жасанды Интеллект: өткенді тану – болашақты болжау» атты
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында 01.12.2025 – 11.12.2025 аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігінің «Тарих және Жасанды Интеллект: өткенді тану – болашақты болжау» атты онкүндігі ұйымдастырылуда. Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың тарихи танымын кеңейту; Жаңа технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісінде тиімді қолдану; Зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру. Онкүндік барысында пәндік сайыстар, көрмелер, викториналар, ашық сабақтар және жобалық жұмыстар өткізіледі.
Қалалық семинар: «Тыныс алу мүшелері» тақырыбындағы ашық саба
27
қараша
2025
Қалалық семинар: «Тыныс алу мүшелері» тақырыбындағы ашық саба
Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясында Жаратылыстану пәні бойынша қалалық семинар өтті. Семинарға Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 3 «В» сынып жетекшісі Садыкова Мейрамгүл «Тыныс алу мүшелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар тыныс алу жүйесінің құрылымы мен қызметі жөнінде терең мағлұмат алып, тәжірибелік тапсырмалар арқылы білімдерін
Жасанды интеллект мүмкіндіктерін кіріктіре отырып оқыту: қалалық семинар тәжірибесі
20
қараша
2025
Жасанды интеллект мүмкіндіктерін кіріктіре отырып оқыту: қалалық
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Бастауыш сыныптарда функционалдық сауаттылықты дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Семинар аясында 2 «Ж» сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Спанбетова Айсулу Рәтбекқызы әдебиеттік оқу пәнінен «Жыртық кітап жылады» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер қолданылып, оқу үдерісіне жасанды интеллект
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
17
қараша
2025
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Буллингтен қорған»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 5 «Б» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Абилжанова Меруерт Хасенаевна «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар «Жағдайды талда» тапсырмасын орындап, буллингтің бар-жоғын анықтау, дұрыс әрекет жасау жолдарын және қате қылықтарды ажыратуды үйренді. Іс-шара балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және бір-біріне құрметпен қарауға бағытталды. https://www.instagram.com/p/DRJ7qOriuxD/?hl=ru
15 қараша – Теңге күніне арналған сынып сағаты өтті
17
қараша
2025
15 қараша – Теңге күніне арналған сынып сағаты өтті
15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күніне орай Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясында Теңге күніне арналған арнайы сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық валютамыздың пайда болу тарихымен танысып, тәуелсіз еліміз үшін теңгенің маңызы мен оның экономикалық дербестіктегі рөлін талқылады. Сонымен қатар ақша айналымы, қаржылық сауаттылық және жауапты тұтыну мәдениеті туралы маңызды мәліметтер берілді. Оқушылар «Теңге – тұрақтылық пен тәуелсіздік белгісі»