Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қылқалам құдіреті» – рухани серпіліс пен шығармашылық тынығу
27
ақпан
2026
«Қылқалам құдіреті» – рухани серпіліс пен шығармашылық тынығу
№148 мектеп-гимназиянда Эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің «Шабыт үштігі – ән, қимыл, еңбек» атты онкүндігі аясында “Қылқалам құдіреті” тақырыбында мұғалімдер арасында өнер студиясы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды. Өнер студиясы барысында қатысушылар қылқалам мен бояу арқылы өз идеяларын бейнелеп, шығармашылық ізденістің ерекше атмосферасын сезінді. Сиқырлы
«Жасанды интеллект – функционалдық сауаттылықты дамыту құралы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді
27
ақпан
2026
«Жасанды интеллект – функционалдық сауаттылықты дамыту құралы»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде функционалдық сауаттылықты арттыру құралы» атты қалалық семинар өткізілді. Семинардың ұйымдастыру кезеңі қазақ халқының асыл қасиеттерінің бірі – қонақжайлылық дәстүрін насихаттауға бағытталды. Қатысушылар ұлттық нақыштағы әуенмен қарсы алынып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Семинардың басты мақсаты – сабақ барысында жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық
Ермек Шынболатовпен шабытты кездесу – өнерге бастар тағылымды кеш
26
ақпан
2026
Ермек Шынболатовпен шабытты кездесу – өнерге бастар тағылымды кеш
Жетісу ауданына қарасты №148 мектеп-гимназиясында Эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің «Шабыт үштігі – ән, қимыл, еңбек» атты онкүндігі аясында мазмұнды әрі тағылымы мол кездесу кеші ұйымдастырылды. Кештің құрметті қонағы – талантты актер Ермек Шынболатов болды. Кездесу барысында оқушылар өнер мен өмірдің сабақтастығы, шығармашылық жолдың қыр-сыры, сахна мәдениеті мен кәсіби шеберлік туралы құнды мәліметтер алды. Еркін форматта өткен сұхбатта білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын
«Жырлайды жүрек» – поэзияға толы көңілді үзіліс
25
ақпан
2026
«Жырлайды жүрек» – поэзияға толы көңілді үзіліс
Мектебіміздің кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби іс-шара ұйымдастырылды. Көңілді үзіліс аясында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, олардың мазмұнына терең талдау жасады. Атап айтқанда, Әділжан Бекарыс «Үш бақытым» өлеңін, ал Тұрар Злиха «Автограф» өлеңін нақышына келтіре орындап, шығармалардың идеялық мәні мен тәрбиелік маңызын ашып көрсетті. Шара барысында оқушылар поэзияға деген сүйіспеншіліктерін
«Ауған асуында от кешкендер» – ерлікке тағзым, ұрпаққа өнеге
18
ақпан
2026
«Ауған асуында от кешкендер» – ерлікке тағзым, ұрпаққа өнеге
Ауған соғысының аяқталғанына 37 жыл толуына орай мектебімізде «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.  Аталған іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа отансүйгіштік рух дарытып, бейбіт өмірдің қадір-қасиетін түсіндіру, ел тыныштығы жолында қызмет еткен азаматтардың ерлігін үлгі ету. Кездесу барысында сұрапыл соғысты көзбен көріп, оның ауыртпалығын бастан өткерген ардагер ағаларымызбен жүздесіп, олардың өмір жолы мен естеліктері тыңдалды. Қонақтар өз сөздерінде
«ШАБЫТ ҮШТІГІ – ӘН, ҚИМЫЛ, ЕҢБЕК»: шығармашылық онкүндіктің ашылуы
16
ақпан
2026
«ШАБЫТ ҮШТІГІ – ӘН, ҚИМЫЛ, ЕҢБЕК»: шығармашылық онкүндіктің ашылуы
Мектебімізде Эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «ШАБЫТ ҮШТІГІ – ӘН, ҚИМЫЛ, ЕҢБЕК» атты онкүндіктің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнер мен еңбектің маңызын насихаттау, эстетикалық талғамын қалыптастыру және рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу. Салтанатты жиында оқушылар ән шырқап, би билеп, қолөнер және еңбек бағытындағы шығармашылық жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.
«Жаратылыстану ғылымдары – зерттеулер мен инновациялар бастауы» онкүндігі аясында мазмұнды кездесу өтті
13
ақпан
2026
«Жаратылыстану ғылымдары – зерттеулер мен инновациялар бастауы»
Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының «Жаратылыстану ғылымдары – зерттеулер мен инновациялар бастауы» атты онкүндігі аясында 13.02.2026 күні Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясы базасында мазмұнды әрі тағылымы мол кездесу өтті. Аталған шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Биология» кафедрасының ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессоры, білікті ғалым Анарбекова Гульшат Джумабаевна арнайы қатысып, оқушылармен мазмұнды сұхбат құрды. Кездесу барысында қонақ оқушыларға
Жолда қауіпсіздік сабақтары: практикалық жаттығу
11
ақпан
2026
Жолда қауіпсіздік сабақтары: практикалық жаттығу
Мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған арнайы тәрбие сағаты аясында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша іс-шара өтті. Шараға жол ережелерін түсіндіру мақсатында мектепке жол инспекторы шақыртылды. Инспектор оқушыларға көшеде жүру ережелерін, жаяу жүргінші ретіндегі қауіпсіздік талаптарын, жол белгілерін дұрыс пайдалану тәртібін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, теориялық сабақтан кейін оқушылармен бірге нақты көшеде практикалық жаттығу өткізілді. Балалар жаяу жүргінші жолымен өту,
«VECTOR – ой бағыты» зияткерлік сайысы
10
ақпан
2026
«VECTOR – ой бағыты» зияткерлік сайысы
10.02.2026 күні мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында физика пәнінен «VECTOR – ой бағыты» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру болды. Сайыс барысында қатысушылар түрлі есептер шығарып, жылдамдық пен дәлдікті талап ететін тапсырмаларды орындады. Оқушылар өз білімдерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетіп, белсенділік танытты. Жарыс
Жаратылыстану ғылымдары – зерттеу мен инновациялар бастауы
09
ақпан
2026
Жаратылыстану ғылымдары – зерттеу мен инновациялар бастауы
Мектебімізде жаратылыстану ғылымдары онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. «Жаратылыстану ғылымдары – зерттеу мен инновациялар бастауы» атты онкүндіктің басты мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейту, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Ашылу рәсімінде ғылымның қоғам дамуындағы рөлі, зерттеу жұмыстарының маңызы мен инновацияның болашаққа бастар жолы кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, алдағы онкүндік барысында өткізілетін