Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көктем тынысы, Наурыз ырысы
19
наурыз
2026
Көктем тынысы, Наурыз ырысы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде, мазмұнды әрі жоғары деңгейде аталып өтті. Мереке аясында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама барысында білім алушылар өз өнерлерін паш етіп, әсем ән, күмбірлеген күй және мың бұралған билер арқылы ұлттық рухты асқақтатты. Сонымен қатар, сахналық көріністер қойылып, Қыдыр ата келіп ақ батасын беріп, мерекенің мәнін арттыра түсті. Тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары өткізіліп, қазақ халқының салт-дәстүрлері
🌿 Дәстүр мен достық тоғысқан күн
19
наурыз
2026
🌿 Дәстүр мен достық тоғысқан күн
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Наурыз мейрамы кең ауқымда, мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шаралар аясында білім алушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрлермен жақын танысты. Мектеп көлемінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, ұлттық ойындар өткізілді. Сонымен қатар, сыныптарда ұлттық нақышта дастархандар жайылып, білім алушылар дәстүрлі тағамдардан дәм татты. Бұл іс-шаралар оқушылардың мерекеге деген қызығушылығын арттырып, ерекше көңіл күй
Мектеп қабырғасындағы алғашқы Наурыз – 1 «А» сыныбы
19
наурыз
2026
Мектеп қабырғасындағы алғашқы Наурыз – 1 «А» сыныбы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 1 «А» сынып білім алушылары үшін мектеп қабырғасындағы алғашқы Наурыз мейрамы мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ұлттық нақышта арнайы дастархан әзірленіп, білім алушылар қазақ халқының дәстүрлі тағамдарынан дәм татты. Әсіресе, Наурыз көжеге ерекше мән беріліп, оның мағынасы мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, сынып ішінде қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі – тұсаукесер рәсімі сахналанып көрсетілді. Бұл көрініс
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Көрісу күні мерекесі ұйымдастырылды
13
наурыз
2026
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Көрісу күні мерекесі ұйымдастырылды
14 наурыз күні Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін Көрісу күні ерекше мазмұнда аталып өтті. Мектеп ауласында ұлттық салт-дәстүрге сай қазан көтеріліп, бауырсақ пісіріліп, самауырдан шай дайындалды. Киіз үй тігіліп, ұлттық нақыштағы дастархан жайылып, мерекелік атмосфера қалыптасты. Іс-шара барысында білім алушылар, ата-аналар және ұстаздар домбыра мен жетігеннің әуенімен қарсы алынып, бір-біріне ізгі тілектерін арнап, көрісіп қауышты. Бұл күні қатысушылар
148 мектеп-гимназиясында «Буккросинг – өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» акциясы өтті
09
наурыз
2026
148 мектеп-гимназиясында «Буккросинг – өзің оқысаң, өзгеге табыс ет»
Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған бұл акция оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және сынып ішінде шығармашылық ой бөлісуге арналған. Іс-шара барысында оқушылар өздері оқып шыққан қызықты кітаптарды сыныптарына ұсынып, мазмұны мен ерекше тұстарын қысқаша әңгімеледі. Арнайы назар 1 сынып оқушыларына аударылды: жасөспірімдерге кітап оқуды сүйікті іс ретінде қалыптастыру, оқуға деген ынтасын арттыру – мектептің басты мақсаттарының бірі. Бұл іс-шара
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде мерекелік концерт ұйымдастырылды.
06
наурыз
2026
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде мерекелік
Мерекелік шара барысында оқушылар мен ұстаздар нәзік жандыларға арнап әсем әндер шырқап, би билеп, жүрекжарды құттықтауларын жолдады. Концерттік бағдарлама көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, аналар мен ұстаздарға деген құрмет пен алғыстың жарқын көрінісіне айналды. Шара соңында барша нәзік жандыларға ізгі тілектер айтылып, мерекелік көңіл күй сыйланды. 
Ұстаздарға құрмет: 11-сынып оқушылары ұйымдастырған мерекелік қарсы алу
06
наурыз
2026
Ұстаздарға құрмет: 11-сынып оқушылары ұйымдастырған мерекелік қарсы
Таңертең мектеп табалдырығын аттаған ұстаздарды оқушылар ерекше ықыласпен қарсы алды. Мектеп дәлізі қызыл жолақпен безендіріліп, фойеде құттықтау ашықхаттары мен түрлі-түсті шарлармен сәнделген мерекелік атмосфера орнады. Сонымен қатар арнайы баннер орнатылып, аю кейіпкерлерінің костюмін киген оқушылар әуен ырғағымен билеп, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл шағын флешмоб мектеп ұжымына таңертеңнен бастап ерекше мерекелік көңіл күй сыйлап, ұстаздарға деген құрмет пен алғыстың белгісін
«Хабарландыру: №148 мектеп-гимназиясында 5-10 сынып оқушыларына арналған «Көктем аруы – 2026» байқауы өтеді»
05
наурыз
2026
«Хабарландыру: №148 мектеп-гимназиясында 5-10 сынып оқушыларына
Көктем аруы – 2026» байқауы 5-7 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Байқау күні: 12 наурыз 2026 жыл, сағат 10:00 Байқау келесі кезеңдерден тұрады: I кезең – «Ұлттық киім – асыл мұра» Қатысушылар бір әуен аясында қазақтың ұлттық киімдерінен этнодефиле көрсетеді. Бағалау критерийлері – киім үлгісі және сахнада өзін ұстауы. II кезең – «Сәлем – сөздің анасы» Қатысушы өзін таныстырады, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. III кезең – «Білгенге маржан» Салт-дәстүрге және ұлттық құндылықтарға қатысты
Эстетика кафедрасының онкүндігі аясында «Әуенді әлем» іс-шарасы ұйымдастырылды
04
наурыз
2026
Эстетика кафедрасының онкүндігі аясында «Әуенді әлем» іс-шарасы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында эстетика кафедрасының онкүндігі аясында «Әуенді әлем» атты оқушылармен бірлескен сабақтан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие беру. Кеш барысында үйірме жетекшілері мен оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Бағдарлама аясында домбыра, хор, би және театр үйірмелерінің қатысушылары сахнада өнер көрсетіп, өз
Жақсылық пен ризашылыққа арналған мерекелік іс-шара
02
наурыз
2026
Жақсылық пен ризашылыққа арналған мерекелік іс-шара
1 наурыз – жүректегі ризашылық пен жылы лебізді білдіретін ерекше мереке. Бұл күн – үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру және бір-бірімізге мейірім мен қамқорлық көрсету мүмкіндігі. Мектебімізде Алғыс айту күніне арналған концерттік іс-шара ұйымдастырылды, онда оқушылар мен ұстаздар алғыс білдірудің түрлі көріністерін көрсетті. Осы мерекеде әрқайсымыз өмірімізге жарық сыйлаған адамдарға – ата-анамызға, ұстаздарымызға, достарымызға және жақындарымызға алғыс айтуға асығайық. Мектебіміздің