Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Нашақорлыққа жол жоқ!»
13
қаңтар
2026
«Нашақорлыққа жол жоқ!»
№148 мектеп-гимназиясында 9–10 сынып білім алушыларымен «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуді мектеп инспекторы Сальменов Рауан өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға нашақорлықтың зияны, оның адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, әртүрлі зиянды заттардың түрлері аталып, олардың салдары нақты мысалдар арқылы жеткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдерді зиянды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие: адал азамат қалыптастыру
12
қаңтар
2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие: адал азамат қалыптастыру
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Адал азамат» тәрбие сағаттары аясында 5 «Б» сынып оқушыларымен «Сыбайлас-жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында білім алушылар: – «сыбайлас-жемқорлық» ұғымымен танысты; – оның пайда болу себептерін түсінді; – адалдық пен әділдіктің қоғам өміріндегі маңызын талқылады; – өз ойларын еркін жеткізіп, пікір алмасты. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларды адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу, өз мемлекетіне жауапкершілікпен
«Қауіпке қарсы мамандық: Азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары таныстырылды»
12
қаңтар
2026
«Қауіпке қарсы мамандық: Азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары
№148 мектеп-гимназиясында түлектерге арналған кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыс аясында Азаматтық қорғау академиясына - құтқарушыларды даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орнына түсу шарттары мен талаптары туралы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Онлайн кездесу барысында академияға қабылдау ережелері, оқуға түсу кезеңдері, болашақ мамандықтың ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы толық ақпарат берілді.
«Бірге болсақ – буллингке тосқауыл қоямыз!»
09
қаңтар
2026
«Бірге болсақ – буллингке тосқауыл қоямыз!»
№148 мектеп-гимназиясы «Буллингке жол жоқ!» республикалық флешмобқа қатысу арқылы білім алушылар үшін қолайлы, қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған ұстанымын ресми түрде білдіреді. Білім беру үдерісінде мейірімділік, өзара сыйластық және жеке жауапкершілік қағидаттарын сақтау басым бағыт ретінде айқындалады. Буллинг – баланың психологиялық және эмоционалдық дамуына теріс әсер ететін, алдын алуды талап ететін әлеуметтік мәселе. Осыған байланысты мектеп ұжымы
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл
08
қаңтар
2026
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында тағылымды тәрбиелік жұмыс жүргізілді.9 «Г» сынып оқушылары қазақ халқының даңқты ұлы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі туралы өз ойларымен бөлісті. Оқушылар батырдың елге деген адалдығы, қайсар мінезі мен отансүйгіштік қасиеттерінің бүгінгі жас ұрпақ үшін үлгі екенін атап өтті. Аталған жұмыс оқушылардың тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырып, патриоттық тәрбие беруге
Қысқы каникулдағы белсенді демалыс
06
қаңтар
2026
Қысқы каникулдағы белсенді демалыс
№148 мектеп-гимназиясының 6 «Б» сынып оқушылары қысқы каникул кезеңінде бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында коньки тебу алаңында болды. Аталған іс-шара оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қысқы спорт түрлеріне қызығушылығын арттыруға және ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды. Демалыс барысында қауіпсіздік ережелері қатаң сақталып, оқушылар көтеріңкі көңіл күймен белсенді қозғалысқа қатысты. Қысқы демалысты мазмұнды өткізу – оқушылардың денсаулығын нығайтып,
Қайым Мұхамедханов – ұлт руханиятының темірқазығы
05
қаңтар
2026
Қайым Мұхамедханов – ұлт руханиятының темірқазығы
Қазақ әдебиеттануы мен абайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым, зерттеуші, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай мектебіміздің кітапханасында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрмеде ғалымның өмір жолы мен ғылыми-зерттеу еңбектерін кеңінен танытатын кітаптар, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған іргелі зерттеулері, сондай-ақ естелік еңбектер мен құнды деректер көпшілік назарына ұсынылды. Кітап көрмесінің негізгі мақсаты –
Қысқы демалыс – жарқын сәттерге толы!
03
қаңтар
2026
Қысқы демалыс – жарқын сәттерге толы!
148 мектеп-гимназияның 5 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшісінің жетекшілігімен қысқы демалыс кезеңінде мәдени-танымдық іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында оқушылар «Аватар» көркем фильмін тамашалап, ойын-сауық орталығында ұйымдастырылған түрлі ойындарға қатысып, жағымды әсер алды. Аталған демалыс оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етті. Қысқы каникул оқушылар үшін мазмұнды әрі есте қаларлықтай өтті.
Қош бол, қымбатты Әліппе!
24
желтоқсан
2025
Қош бол, қымбатты Әліппе!
Әліппе – білімге бастар алғашқы баспалдақ, әріптер әлеміне жол ашқан асыл қазына. №148 мектеп-гимназиясында 1 «Д» сынып оқушылары үшін «Әліппемен қоштасу» атты мәнді де әсерлі шара өтті. Оқушылар оқу жылы барысында әріптерді танып, буындап оқуды меңгеріп, үлкен білім жолына нық қадам басты. Бұл күн – олардың алғашқы оқу жетістіктерін қорытындылаған ерекше сәт болды. Жас бүлдіршіндерге алдағы оқу жолында табыс, білімге деген қызығушылық пен талмай ізденіс тілейміз. Алға, жас оқырмандар! Сынып
Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар мектебімізде жоғары деңгейде өткізіледі
22
желтоқсан
2025
Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар мектебімізде жоғары деңгейде
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 1–11 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық іс-шаралар кестеге сәйкес ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілуде. Мерекелік бағдарламалар барысында оқушылар өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, түрлі қойылымдар көрсетті. Сондай-ақ, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өткізілген ойын-сауықтар мен дискотека балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады. Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық пен ынтымақтастықты