Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Анаға тағзым – анаға құрмет» челленджі
11
мамыр
2026
«Анаға тағзым – анаға құрмет» челленджі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 7 «Г» сынып оқушылары 10 мамыр күні әлеуметтік желіде ұйымдастырылған «Анаға тағзым – анаға құрмет» челленджіне белсене қатысты. Ана – өмірдің шуағы, отбасының тірегі, мейірім мен махаббаттың символы. Осы орайда білім алушылар өз аналарына деген ыстық ықыластары мен жүрекжарды тілектерін арнап, шынайы құрмет пен алғыстарын білдірді. Челлендж барысында оқушылар анаға деген сүйіспеншілік пен ізетті насихаттап, отбасы құндылықтарын дәріптеуге өз үлестерін
«Отбасы – алтын бесік: ата мен әже өнегесі» онлайн-флешмобы
11
мамыр
2026
«Отбасы – алтын бесік: ата мен әже өнегесі» онлайн-флешмобы
Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі. Ата мен әже – ұрпаққа өнеге, мейірім мен даналықтың шамшырағы. Алматы қаласы білім беру ұйымдарында Халықаралық отбасы күні аясында ұйымдастырылған «Менің атам/менің әжем» онлайн-флешмобына Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының оқушылары белсенді түрде қатысуда. Іс-шара барысында білім алушылар өздерінің аяулы аталары мен әжелері туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, отбасылық құндылықтарды дәріптеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін насихаттауда. 
Шекспир әлемі сахнада: “Ромео мен Джульетта” – жүлделі қойылым
08
мамыр
2026
Шекспир әлемі сахнада: “Ромео мен Джульетта” – жүлделі қойылым
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары қалалық деңгейде өткен “Stars of Almaty” English Drama Festival театр өнері байқауына қатысып, Уильям Шекспирдің «Ромео и Джульетта» пьесасын сахналады. Шығармашылық ұжым жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, байқау қорытындысы бойынша II дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшілері: Динара Уакбаева, Гүлназ Қайратқызы. Жобаға қатысқан оқушылар: 10А сыныбы: Серікжан Фатима, Бекет Камила, Талғатұлы Әмірхан, Нұрболат Диас, Жексенбай Нұрислам. 10Ә
Ұрпақтарға ұран болған – Ұлы Жеңіс
06
мамыр
2026
Ұрпақтарға ұран болған – Ұлы Жеңіс
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай “Ұрпақтарға ұран болған – Ұлы Жеңіс” атты мерекелік концерт өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін ұлықтау және бейбіт өмірдің қадірін насихаттау болды. Мерекелік кеш барысында білім алушылар патриоттық әндер орындап, тағылымды жыр-өлеңдер оқып, сахналық қойылымдар арқылы батыр бабаларымыздың қайсар рухын дәріптеді. Сонымен қатар, ел
Кішкентай қақпақтар – үлкен жақсылықтың бастауы
06
мамыр
2026
Кішкентай қақпақтар – үлкен жақсылықтың бастауы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған «Мейірімді қақпақтар» қайырымдылық акциясы аясында оқушылар белсенділік танытып, пластикалық қақпақтар жинау жұмыстарына қатысты. Аталған акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырумен қатар, оқушыларды қайырымдылық пен жанашырлыққа тәрбиелеу. Іс-шара барысында білім алушылар табиғатқа жауапкершілікпен қараудың маңызын түсініп, мейірімділік пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті. Мектеп ұжымы акцияға белсенді
Заң – тәртіптің тірегі: қауіпсіз болашаққа қадам
30
сәуір
2026
Заң – тәртіптің тірегі: қауіпсіз болашаққа қадам
30 сәуір күні Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға Жетісу ауданы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Алимбаев Данияр Алиевич қатысып, оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында маңызды ақпараттар берді. Кездесу барысында сондай-ақ Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке
“Адал азамат” – театр өнеріндегі жетістік
30
сәуір
2026
“Адал азамат” – театр өнеріндегі жетістік
“Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Театрдың ғажайып әлемі» балалар театры өнерінің республикалық фестиваль-байқауының ІХ қалалық кезеңінде Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 8 “А” сынып оқушысы Нұрсұлтан Кәусар жоғары жетістікке қол жеткізді. Аталған байқауда оқушы «Үздік жас актриса» номинациясымен марапатталып, өзінің шығармашылық қабілеті мен өнерге деген ерекше талғамын көрсетті. Бұл жетістік – оқушының еңбегі мен ізденісінің, сондай-ақ жетекшісінің
1 мамыр – Достық пен татулық басты құндылық
30
сәуір
2026
1 мамыр – Достық пен татулық басты құндылық
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 5-сынып оқушылары арасында «1 мамыр – Достық пен татулық басты құндылық» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға 7 сынып қатысып, жеребе арқылы берілген түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін ерекше форматта таныстырды. Қатысушылар сол ұлттың тілінде таныстыру жасап, ұлттық киімдері, билері мен сахналық қойылымдары арқылы достық пен бірліктің маңызын әсерлі жеткізе білді. Мерекелік бағдарлама
Саналы ұрпақ – қауіпсіз қоғам
30
сәуір
2026
Саналы ұрпақ – қауіпсіз қоғам
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында білім алушылар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында оқушыларға зиянды әдеттердің адам денсаулығына, өмір сапасына, болашағына және қоғамға тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әрекеттерден аулақ болуға бағыт беру және саналы таңдау жасауға тәрбиелеу. Мектеп ұжымы оқушыларды денсаулықты сақтауға,
Зияткерлік додадағы жетістік: республикалық олимпиада жүлдегері
30
сәуір
2026
Зияткерлік додадағы жетістік: республикалық олимпиада жүлдегері
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының  6 «Г» сынып оқушысы Асқар Алдияр Саламатұлы Көкшетау қаласында өткен тоғызқұмалақтан республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынға ие болды. Бұл жетістік – оқушының табандылығы мен зияткерлік қабілетінің, сондай-ақ ұстаздарының жүйелі еңбегінің айқын нәтижесі. Тоғызқұмалақ – ұлттық құндылық ретінде логикалық ойлауды, сабырлылықты және стратегиялық шешім қабылдау дағдыларын дамытатын зияткерлік ойын. Мектеп ұжымы Асқар Алдиярды