Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Табиғатты қорғау – әр оқушының міндеті
01
сәуір
2026
Табиғатты қорғау – әр оқушының міндеті
1 сәуір – Құстар күніне орай №148 мектеп-гимназиясының 5 «В» сынып оқушылары қолдан құстарға арналған ұяшықтар жасап, оларды сыныптарының маңына іліп қойды. Іс-шара оқушылардың табиғатқа деген қамқорлығын арттыруға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды. Сынып жетекшісі Тұрсынгожина Айдана Қуанышқызының басшылығымен ұйымдастырылған бұл игі бастама оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Осындай тәрбиелік
Болашақ бірінші сынып оқушыларына есік ашық
31
наурыз
2026
Болашақ бірінші сынып оқушыларына есік ашық
Хабарландыру Құрметті ата-аналар! Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау 2026 жылдың 27 мамыры мен 31 тамызы аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз. Балаңызды мектепке уақытылы тіркеп, қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде тапсыруларыңызды сұраймыз. Қосымша ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы ала аласыздар. https://www.instagram.com/p/DWibOIECh2N/?hl=ru
Жалған ақпараттың қауіптілігі және заң алдындағы жауапкершілік
30
наурыз
2026
Жалған ақпараттың қауіптілігі және заң алдындағы жауапкершілік
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Жалған ақпараттың қауіптілігі және заң алдындағы жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында білім алушыларға жалған ақпарат таратудың қоғамға тигізетін кері әсері түсіндіріліп, оның құқықтық салдары мен заң алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, ақпаратты дұрыс қабылдау, саралау және оны жауапкершілікпен тарату мәдениеті туралы маңызды түсініктер қалыптастырылды. Аталған сынып сағаты оқушылардың
Көктем тынысы, Наурыз ырысы
19
наурыз
2026
Көктем тынысы, Наурыз ырысы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде, мазмұнды әрі жоғары деңгейде аталып өтті. Мереке аясында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама барысында білім алушылар өз өнерлерін паш етіп, әсем ән, күмбірлеген күй және мың бұралған билер арқылы ұлттық рухты асқақтатты. Сонымен қатар, сахналық көріністер қойылып, Қыдыр ата келіп ақ батасын беріп, мерекенің мәнін арттыра түсті. Тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары өткізіліп, қазақ халқының салт-дәстүрлері
🌿 Дәстүр мен достық тоғысқан күн
19
наурыз
2026
🌿 Дәстүр мен достық тоғысқан күн
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Наурыз мейрамы кең ауқымда, мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шаралар аясында білім алушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрлермен жақын танысты. Мектеп көлемінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, ұлттық ойындар өткізілді. Сонымен қатар, сыныптарда ұлттық нақышта дастархандар жайылып, білім алушылар дәстүрлі тағамдардан дәм татты. Бұл іс-шаралар оқушылардың мерекеге деген қызығушылығын арттырып, ерекше көңіл күй
Мектеп қабырғасындағы алғашқы Наурыз – 1 «А» сыныбы
19
наурыз
2026
Мектеп қабырғасындағы алғашқы Наурыз – 1 «А» сыныбы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 1 «А» сынып білім алушылары үшін мектеп қабырғасындағы алғашқы Наурыз мейрамы мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ұлттық нақышта арнайы дастархан әзірленіп, білім алушылар қазақ халқының дәстүрлі тағамдарынан дәм татты. Әсіресе, Наурыз көжеге ерекше мән беріліп, оның мағынасы мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, сынып ішінде қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі – тұсаукесер рәсімі сахналанып көрсетілді. Бұл көрініс
«Күй күмбірі» – Наурыз мерекесіне арналған рухани кеш
19
наурыз
2026
«Күй күмбірі» – Наурыз мерекесіне арналған рухани кеш
Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы қарсаңында мектебімізде ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған «Күй күмбірі» атты мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында домбыра үні арқылы халқымыздың терең тарихы мен рухани мұрасы кеңінен насихатталды. Білім алушылар қазақтың көрнекті күйшілерінің шығармаларын орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Күй өнері арқылы ұлттық құндылықтар дәріптеліп, жас ұрпақтың бойында рухани және патриоттық тәрбие қалыптастыруға ерекше мән берілді. Әрбір
Ұлттық ойындар – мерекенің басты көрінісі
19
наурыз
2026
Ұлттық ойындар – мерекенің басты көрінісі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Наурыз мейрамы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кең ауқымда және мазмұнды форматта аталып өтті. Іс-шара барысында мектеп аумағында қазақ үй тігіліп, оның іші ұлттық нақышта безендірілді. Сонымен қатар, ұлттық тағамдар әзірленіп, дәстүрге сай мерекелік дастархан жайылды. Мереке аясында білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптейтін ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз өнерлерін
Тағдыр тәлкегі мен қоғам шындығы: «Бақытсыз Жамал»
18
наурыз
2026
Тағдыр тәлкегі мен қоғам шындығы: «Бақытсыз Жамал»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 8 «А» сынып оқушылары қазақ әдебиетінің көрнекті туындысы – «Бақытсыз Жамал» романын оқып, шығармаға мазмұндық және тәрбиелік тұрғыда талдау жасады. Сабақ барысында білім алушылар шығарманың негізгі кейіпкерлерін, сюжеттік желісін және автор көтерген өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Кейіпкерлер тағдыры оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың адамгершілік құндылықтар туралы түсінігін кеңейтті. Аталған шығарма – қазақ
Рекордқа айналған күй күмбірі
17
наурыз
2026
Рекордқа айналған күй күмбірі
2026 жылғы 17 наурыз күні Алматы қаласындағы «Almaty Arena» көпфункциялы мұз сарайында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Күй құдіреті» атты ауқымды мәдени іс-шара өтті. Іс-шара барысында Алматы қаласының білім беру ұйымдарынан жиналған 11 500 оқушы бір мезетте халық күйлерін орындап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Бұл жетістік ұлттық өнерді дәріптеу мен өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін нығайту бағытындағы маңызды қадам болып табылады. Аталған шараға Жетісу ауданы №148