Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тіл мен әдебиет биігінде – Еркежан Қастерқызының жарқын жеңісі
29
сәуір
2026
Тіл мен әдебиет биігінде – Еркежан Қастерқызының жарқын жеңісі
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткізілген республикалық олимпиадада Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Қастерқызы Еркежан жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды. Бұл жетістік – оқушының білімге деген ұмтылысы мен табандылығының, сондай-ақ ұстазының жүйелі дайындығының нәтижесі. Жетекшісі: Салыкбаева А.А. Мектебіміз ұжымы Еркежан Қастерқызын және жетекшісін лайықты жеңісімен құттықтайды, алдағы уақытта да биік жетістіктер тілейді.
Білім мен шеберлік сайысы: аудандық жас инспекторлар слеті
29
сәуір
2026
Білім мен шеберлік сайысы: аудандық жас инспекторлар слеті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Жетісу ауданы білім мекемелерінің жас инспекторлар отрядтарының аудандық слеті ұйымдастырылды. Іс-шараға ауданның 7 үздік мектебінен келген командалар қатысып, өздерінің білімдері мен практикалық дағдыларын жан-жақты көрсетті. Бағдарлама аясында қатысушылар: – өзін-өзі таныстыру кезеңінен өтті; – сұрақ-жауап бөлімінде білімдерін сынға салды; – алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті; – велосипедпен түрлі кедергілерден өту арқылы
Әр тамшы – қымбат: суды үнемдейік
28
сәуір
2026
Әр тамшы – қымбат: суды үнемдейік
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Суды үнемдейік» тақырыбында танымдық әңгіме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылармен бірге судың адам өміріндегі маңызы, оны тиімді пайдалану жолдары және табиғатты қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың және табиғи ресурстарды үнемдеудің маңыздылығын түсінді. Аталған іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуге
Балалық шақ бояулары: My Kids паркінде өткен жарқын күн
28
сәуір
2026
Балалық шақ бояулары: My Kids паркінде өткен жарқын күн
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 6 “Ғ” сынып оқушылары сынып жетекшісі Нұрсұлтанова Айгерім Ардаққызының ұйымдастыруымен «My Kids» паркіне барып, мазмұнды әрі көңілді демалыс өткізді. Сабақтан тыс уақытта оқушылар өзара тиімді қарым-қатынас орнатып, бірге ойнап, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Бұл күн балалар үшін жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттерге толы болды. Мұндай іс-шаралар сынып ішіндегі ынтымақтастықты нығайтып, достық қарым-қатынасты арттыруға және жағымды орта
Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік: маңызды ата-аналар жиналысы
28
сәуір
2026
Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік: маңызды ата-аналар жиналысы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 4-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған маңызды жиналыс ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылардың қауіпсіздігі, тәртібі және мектептің ішкі талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты қарастырылды. Ата-аналарға білім беру ұйымындағы тәртіп пен қауіпсіздікке қатысты өзекті ақпараттар түсіндірілді. Жиналыс аясында төмендегі маңызды мәселелерге ерекше назар аударылды: 🔹 Мектепте ақша жинауға және дастархан ұйымдастыруға қатаң тыйым салынатыны
Бітіруші түлек – ортақ назарда: маңызды мәселелер көтерілді
28
сәуір
2026
Бітіруші түлек – ортақ назарда: маңызды мәселелер көтерілді
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған маңызды жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, құқық қорғау органдарының өкілдері, прокуратура қызметкерлері, мектеп психологы және мектеп инспекторы қатысып, бітіруші сынып оқушыларының қауіпсіздігі мен жауапкершілігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында төмендегі маңызды мәселелер түсіндірілді: 🔹 Мектепішілік №201 бұйрық негізінде ақша жинауға және дастархан ұйымдастыруға
Білім бәйгесінде дара шыққан жас дарындар
27
сәуір
2026
Білім бәйгесінде дара шыққан жас дарындар
Жетісу ауданы бойынша өткізілген «Зерделі ұрпақ» математикалық олимпиадасында №148 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізіп, БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды. Білім бәсекесінде өздерінің зеректігі мен алғырлығын дәлелдеген жас дарын иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – оқушылардың тынымсыз еңбегінің, сапалы білімнің, сондай-ақ ұстаздар мен ата-аналардың бірлескен қолдауының нәтижесі.  Оқушыларымыз олимпиаданың қалалық кезеңіне жолдама алып, жаңа белестерді
Қыз балалар денсаулығы – қоғамның болашағы: маңызды кездесуден тағылымды ақпарат
27
сәуір
2026
Қыз балалар денсаулығы – қоғамның болашағы: маңызды кездесуден
№148 мектеп-гимназиясында 8–9 сынып қыз оқушыларына арналған маңызды ақпараттық-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Гинекология және акушерия факультетінің резидент-дәрігерлері қатысып, оқушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында қыз балалар денсаулығы, жеке бас гигиенасы, ерте жүктіліктің алдын алу, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптары кеңінен түсіндірілді. Оқушылар мамандарға өздерін
Бір күн, бір кино, мың әсер: 6 “Г” сыныбының сапары
24
сәуір
2026
Бір күн, бір кино, мың әсер: 6 “Г” сыныбының сапары
№148 мектеп-гимназиясының 6 “Г” сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге кинотеатрға барып, мазмұнды әрі көңілді демалыс ұйымдастырды. Оқушылар қызықты фильм тамашалап, әсерлі сәттерге толы уақыт өткізіп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Мұндай мәдени іс-шаралар балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып, достық пен ұйымшылдықты арттыруға ықпал етеді. Біліммен қатар, тәрбиелік мәні зор осындай шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына, эстетикалық талғамының қалыптасуына және бос уақытты тиімді
Абай әлемі – рухани кемелдікке бастар жол: кітаппен үндескен онкүндік түйіні
24
сәуір
2026
Абай әлемі – рухани кемелдікке бастар жол: кітаппен үндескен онкүндік
Онкүндік аясындағы 10-шы күн «Кітап әлеміне шақырады» тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі терең философиялық ойларды талдап, оның адамгершілік, білім және тәрбие туралы тағылымды нақыл сөздерінің маңызын жан-жақты түсіндірді. Ұлы ақын мұрасының қазіргі қоғамдағы рухани құндылығы ерекше атап өтілді. Танымдық кездесу оқушылардың кітапқа