Жасанды интеллект пен STEAM бағытындағы аудандық TEDx іс-шарасы
30 қаңтар күні №148 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен аудандық TEDx форматындағы танымдық іс-шара өткізілді. Аталған шараға аудан мектептерінен келген дарынды оқушылар қатысып, білім мен идеялар тоғысқан үлкен алаңда бас қосты. Іс-шара екі кезең бойынша ұйымдастырылды. I турда қатысушылар «Жасанды интеллект» тақырыбы аясында 1,5–2 минут көлемінде өз ойларын еркін жеткізді. Оқушылардың ой ұшқырлығы, сөйлеу мәдениеті мен заманауи көзқарасы қазылар алқасы