Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
02
желтоқсан
2025
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің шығармашылық жобаларын таныстырып, ғылыми-зерттеу дағдыларын көрсетті. Барлық қатысушылардың еңбегі жоғары бағаланып, олардың шығармашылық және зерттеу қабілеттері ерекше атап өтілді. Іс-шара оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға, зерттеу жұмыстарына деген ынтасын күшейтуге және инновациялық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.
«Заң және тәртіп» секторы — мектептегі қауіпсіздік пен жауапкершіліктің тірегі
01
желтоқсан
2025
«Заң және тәртіп» секторы — мектептегі қауіпсіздік пен
№148 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы оқушылардың белсенділігін арттыру, мектепішілік тәртіпті сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. «Заң және тәртіп» секторының негізгі міндеттері: Мектептің ішкі тәртіп ережелерінің орындалуын қадағалау; Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру; Тәртіп бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру; Сыныптар арасында түсіндіру және профилактикалық әңгімелер өткізу; Қауіпсіз білім беру ортасын
Жаратылыстану пәні бойынша ашық сабақ өткізілді
28
қараша
2025
Жаратылыстану пәні бойынша ашық сабақ өткізілді
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған бастауыш сынып пәндерін оқытуда жасанды интеллектінің рөлі» тақырыбы аясында 1 «Д» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Дене мүшелері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақты бастауыш сынып мұғалімі Қалқанбай Аяулым Ардаққызы жоғары деңгейде ұйымдастырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер қолданды. Семинарға Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, сабақ барысын бақылап, тәжірибе
Қалалық семинар: «Тыныс алу мүшелері» тақырыбындағы ашық саба
27
қараша
2025
Қалалық семинар: «Тыныс алу мүшелері» тақырыбындағы ашық саба
Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясында Жаратылыстану пәні бойынша қалалық семинар өтті. Семинарға Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 3 «В» сынып жетекшісі Садыкова Мейрамгүл «Тыныс алу мүшелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар тыныс алу жүйесінің құрылымы мен қызметі жөнінде терең мағлұмат алып, тәжірибелік тапсырмалар арқылы білімдерін
Қалалық семинар аясында ашық сабақ пен тәжірибе алмасу шарасы өткізілді
26
қараша
2025
Қалалық семинар аясында ашық сабақ пен тәжірибе алмасу шарасы
«Шебер мұғалім – оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың кілті» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған онкүндік барысында қалалық семинар өтті. Іс-шараға Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар шеңберінде Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Жошыбаева Мархабат 1-сынып оқушыларымен «Әә дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Іс-шараның
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында мектепішілік олимпиадалар өткізілді
18
қараша
2025
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында мектепішілік олимпиадалар
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында оқушылардың білім деңгейі мен қабілеттерін анықтау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектепішілік олимпиадалар өткізілді. Олимпиадалар барысында әр сынып оқушылары әртүрлі пәндер бойынша теориялық сұрақтар мен практикалық тапсырмаларды орындап, логикалық ойлау қабілеттерін, пәнді меңгеру деңгейін және шығармашылық ойлау дағдыларын көрсетті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың жоғары деңгейдегі облыстық
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
17
қараша
2025
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Буллингтен қорған»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 5 «Б» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Абилжанова Меруерт Хасенаевна «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар «Жағдайды талда» тапсырмасын орындап, буллингтің бар-жоғын анықтау, дұрыс әрекет жасау жолдарын және қате қылықтарды ажыратуды үйренді. Іс-шара балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және бір-біріне құрметпен қарауға бағытталды. https://www.instagram.com/p/DRJ7qOriuxD/?hl=ru
15 қараша – Теңге күніне арналған сынып сағаты өтті
17
қараша
2025
15 қараша – Теңге күніне арналған сынып сағаты өтті
15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күніне орай Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясында Теңге күніне арналған арнайы сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық валютамыздың пайда болу тарихымен танысып, тәуелсіз еліміз үшін теңгенің маңызы мен оның экономикалық дербестіктегі рөлін талқылады. Сонымен қатар ақша айналымы, қаржылық сауаттылық және жауапты тұтыну мәдениеті туралы маңызды мәліметтер берілді. Оқушылар «Теңге – тұрақтылық пен тәуелсіздік белгісі»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында бастауыш сыныптар онкүндігі ашылды
10
қараша
2025
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында бастауыш сыныптар онкүндігі
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып білім алушылары үшін онкүндік ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында кішкентай білім алушылар қызықты ойындар мен көріністерге қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Онкүндіктің мақсаты: Білім алушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру; Достық, сыйластық және ынтымақтастық сезімдерін қалыптастыру; Мектеп өміріне белсенді қатысуға ынталандыру; Шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзін-өзі көрсету мүмкіндігін беру; Білім
№148 мектеп-гимназиясында оқушылардың көшбасшылық ұжымы жаңарды
06
қараша
2025
№148 мектеп-гимназиясында оқушылардың көшбасшылық ұжымы жаңарды
№148 мектеп-гимназиясында өзін-өзі басқару ұйымының жаңа мүшелерімен танысу шарасы өткізілді. Белсенді, бастамашыл және жауапты оқушылар мектеп өмірінің шынайы көшбасшылары болуға дайын екендіктерін көрсетті. Өзін-өзі басқару ұйымы – оқушылардың пікірін тыңдап, жаңа идеяларды жүзеге асыратын, мектептің дамуына үлес қосатын маңызды алаң. Жас көшбасшыларға табыс пен сәттілік тілейміз! ​https://www.instagram.com/p/DQvixnfCtPj/?hl=ru​​​