Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Буллингтің алдын алу – ортақ міндет
14
сәуір
2026
Буллингтің алдын алу – ортақ міндет
№148 мектеп-гимназиясында буллингтің алдын алу тақырыбы бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарға буллинг ұғымын түсіндіру, оның алдын алу жолдарын қарастыру және балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған тиімді тәсілдерді талқылау болды. Іс-шара барысында буллингтің түрлері, себептері мен салдары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, ата-аналарға бала тәрбиесінде назар аударуға тиісті маңызды мәселелер түсіндірілді. Сонымен қатар, мектеп пен
Әскерге бару – әрбір ер азаматтың борышы
14
сәуір
2026
Әскерге бару – әрбір ер азаматтың борышы
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Құлагер ықшам ауданында орналасқан №148 мектеп-гимназиясында «Әскерге бару – әрбір ер азаматтың борышы» тақырыбында үгіт-насихат іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Алматы қаласы Жетісу ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдерінің шақыруымен өткізілді. Кездесуге Алматы қаласы ГКӘТ–ВКШӘТ ардагерлері РҚБ филиалының өкілдері қатысып, білім алушыларға Отанды қорғау – әрбір ер азаматтың қасиетті борышы әрі міндеті екенін кеңінен түсіндірді. Шара барысында
Кітапханаға танымдық экскурсия – білімге бастар жол
13
сәуір
2026
Кітапханаға танымдық экскурсия – білімге бастар жол
№148 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін кітапханаға танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларды кітап әлемімен таныстыру, кітапхана қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру. Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың құрылымы, бөлімдері және кітап қорының мазмұнымен танысты. Сонымен қатар, кітапханадағы заманауи қызмет түрлері туралы кеңінен ақпарат беріліп, кітаптарды іздеу, таңдау және оқу
Қауіпсіздік – басты назарда!
08
сәуір
2026
Қауіпсіздік – басты назарда!
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері оқушыларға заманауи технология жетістігі – робот итті таныстырды. Аталған құрылғы мектеп аумағын бақылауға, қоршаған ортаны қадағалауға және күдікті жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Кездесу оқушылар үшін тек қызықты тәжірибе ғана емес, сонымен қатар заманауи технологиялармен танысуға үлкен мүмкіндік болды. 👮‍♂️ Сонымен қатар, полиция
Құқықтық сауаттылық – саналы ұрпақ негізі
07
сәуір
2026
Құқықтық сауаттылық – саналы ұрпақ негізі
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Кездесуге Жетісу ауданы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Алимбаев Данияр Алиевич, Жетісу ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
07
сәуір
2026
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру болды. Сынып сағаттары барысында оқушылар дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, дене белсенділігі және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар, пікір алмасу, сұрақ-жауап және танымдық жұмыстар ұйымдастырылды. Аталған
Жаңа Қазақстан: білімге негізделген даму
06
сәуір
2026
Жаңа Қазақстан: білімге негізделген даму
 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 11-сынып білім алушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясында білім беру саласына қатысты айқындалған негізгі басымдықтар кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, білімнің қоғамдағы рөлі, оның мемлекет
Ғажайыпқа толы кездесу: цирк өнерпаздары сахнада
06
сәуір
2026
Ғажайыпқа толы кездесу: цирк өнерпаздары сахнада
№148 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушыларына арналған танымдық-мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара аясында мектепке цирк әртістері келіп, ерекше бағдарлама ұсынды. Цирк өнерпаздары өздерінің шеберліктерін көрсетіп, акробатикалық қойылымдар, сиқырлы трюктер мен қызықты көріністер арқылы оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шара барысында балалардың өнерге деген қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туды. Бұл мәдени кездесу оқушылардың бос уақытын
Кітаппен келген көктем – білімге бастар жол
02
сәуір
2026
Кітаппен келген көктем – білімге бастар жол
Көктемгі демалыс кезеңінде Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының кітапханасы оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Кітаппен келген көктем» тақырыбында арнайы Гайдбук тізімі арқылы кітаптар ұсынды. Аталған бастама аясында 3 «А», 4 «Ә», 4 «Д» сынып оқушылары ұсынылған әдебиеттермен танысып, кітап оқуға белсенді түрде қатысып, өздерінің ой-өрістерін кеңейтті. Бұл жұмыс білім алушылардың оқу мәдениетін қалыптастырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталды. Толық
Табиғатты қорғау – әр оқушының міндеті
01
сәуір
2026
Табиғатты қорғау – әр оқушының міндеті
1 сәуір – Құстар күніне орай №148 мектеп-гимназиясының 5 «В» сынып оқушылары қолдан құстарға арналған ұяшықтар жасап, оларды сыныптарының маңына іліп қойды. Іс-шара оқушылардың табиғатқа деген қамқорлығын арттыруға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды. Сынып жетекшісі Тұрсынгожина Айдана Қуанышқызының басшылығымен ұйымдастырылған бұл игі бастама оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Осындай тәрбиелік