Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қазан 2025 года » Страница 3
«Сандар және кодтар әлемі» онкүндігі аясында информатика пәнінен олимпиада өтті
16
қазан
2025
«Сандар және кодтар әлемі» онкүндігі аясында информатика пәнінен
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика пәндері онкүндігі аясында 10-сынып оқушылары арасында информатика пәнінен олимпиада өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, бағдарламалау және есеп шығару дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ дарынды, ізденімпаз оқушыларды анықтау. Олимпиада нәтижесі бойынша жүлделі орындар иегерлері: 1 орын – 10 «Б» сынып оқушысы Жамхан Назжан 2
«Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» атты семинар-тренинг өтті
16
қазан
2025
«Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» атты
2025 жылғы 15–16 қазан күндері Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының бастамасымен Алматы қаласы Білім басқармасы және «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» тақырыбында семинар-тренинг жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар әділетті қоғам ұғымының мәні мен маңызын терең түсініп, саяси тұрақтылықтың, адам құқықтарын сақтау мен азаматтық жауапкершіліктің, сондай-ақ құндылықтарға негізделген басқару
Зиянды әдеттердің алдын алу: нашақорлыққа қарсы түсіндірме жұмысы
16
қазан
2025
Зиянды әдеттердің алдын алу: нашақорлыққа қарсы түсіндірме жұмысы
Жетісу ауданының 148 мектеп-гимназиясында қылмыстық бөлімнің мамандары нашақорлықтың алдын алу мақсатында 7-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға зиянды әдеттердің адам ағзасына, психикасына және қоғамдық өмірге тигізетін теріс әсерлері жан-жақты түсіндірілді. Мамандар жасөспірімдерге нашақорлықтың қауіптілігі туралы нақты ақпарат беріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Бұл түсіндірме жұмысының негізгі мақсаты – жастар арасында зиянды
«Цифрлық қауіпсіздік әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шара өтті
15
қазан
2025
«Цифрлық қауіпсіздік әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шара өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика апталығы аясында информатика пәні мұғалімі Абилжанова Меруерт Хасенаевнаның ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында «Цифрлық қауіпсіздік әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың интернет пен цифрлық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру, цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және жас мобилографтарды дайындау болып табылды. Оқушылар Canva және CapCut қосымшаларында
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында ашық сабақ өткізілді
15
қазан
2025
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында «Сандар мен кодтар әлемінде» атты математика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында математика пәнінің мұғалімі Калдыбек Әмір 11 «Ә» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс». Сабақтың басында оқушылар қазақтың көрнекті ғалымы Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевтің сыныпқа арналған тілегін тыңдады. Мұғалім жаңа тақырыпты қысқаша слайд арқылы түсіндіріп, оқушылардың белсенділігін арттырды.
«Зерделі ұрпақ» аудандық математикалық олимпиадасынан Бас жүлде!
15
қазан
2025
«Зерделі ұрпақ» аудандық математикалық олимпиадасынан Бас жүлде!
2025 жылғы 15 қазан күні өткен «Зерделі ұрпақ» аудандық математикалық олимпиадасына Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде дәлелдеді. Нәтижесінде, мектебіміздің жас зияткерлері ерекше білімдерімен көзге түсіп, Бас жүлдеге ие болды! Олимпиада жеңімпаздары: Қырбасова Алия – 4 «А» сынып Бекбатыр Ерасыл – 4 «Ә» сынып Жуманзазин Ералы – 4 «А» сынып Бейбітұлы Алинұр – 4 «В» сынып Арал Әліхан – 4 «Б» сынып Ахметжан Ғазали – 4 «Ж» сынып
«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді
15
қазан
2025
«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында ерте жүктіліктің алдын алу жоспары аясында оқушылармен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Кездесу барысында мамандар мен сынып жетекшілері жасөспірімдерге жеке жауапкершілік, салауатты өмір салты, отбасылық құндылықтар және өз денсаулығына ұқыпты қарау мәселелері бойынша кеңестер берді. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың санасында жауапкершілік сезімін қалыптастыру, өмірге дұрыс көзқарас қалыптастыру және өзін-өзі қорғау мәдениетін дамыту
Екілік ақпаратты ұсыну тақырыбында ашық сабақ өтті
14
қазан
2025
Екілік ақпаратты ұсыну тақырыбында ашық сабақ өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика пәндері онкүндігі аясында информатика пәнінің мұғалімі Абилжанова Меруерт Хасенаевна 5 «Б» сыныбымен «Екілік ақпаратты ұсыну» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың екілік санау жүйесі туралы түсініктерін қалыптастыру, ондық және екілік сандарды өзара түрлендіру дағдыларын дамыту, ақпаратты кодтау және декодтау үдерістерінің негізгі принциптерін тәжірибелік түрде меңгерту. Сабақ барысында оқушылар
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары өткізілді
14
қазан
2025
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсіндірме
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға бейбіт өмірдің маңызы, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау жолдары, сондай-ақ теріс діни ағымдардың зияны мен олардың алдын алу тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақтың бойында толеранттылық, отансүйгіштік, рухани тұрақтылық және қоғамдық жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру болып