Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қысқы каникулдағы белсенді демалыс
06
қаңтар
2026
Қысқы каникулдағы белсенді демалыс
№148 мектеп-гимназиясының 6 «Б» сынып оқушылары қысқы каникул кезеңінде бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында коньки тебу алаңында болды. Аталған іс-шара оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қысқы спорт түрлеріне қызығушылығын арттыруға және ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды. Демалыс барысында қауіпсіздік ережелері қатаң сақталып, оқушылар көтеріңкі көңіл күймен белсенді қозғалысқа қатысты. Қысқы демалысты мазмұнды өткізу – оқушылардың денсаулығын нығайтып,
Қайым Мұхамедханов – ұлт руханиятының темірқазығы
05
қаңтар
2026
Қайым Мұхамедханов – ұлт руханиятының темірқазығы
Қазақ әдебиеттануы мен абайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым, зерттеуші, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай мектебіміздің кітапханасында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрмеде ғалымның өмір жолы мен ғылыми-зерттеу еңбектерін кеңінен танытатын кітаптар, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған іргелі зерттеулері, сондай-ақ естелік еңбектер мен құнды деректер көпшілік назарына ұсынылды. Кітап көрмесінің негізгі мақсаты –
Қысқы демалыс – жарқын сәттерге толы!
03
қаңтар
2026
Қысқы демалыс – жарқын сәттерге толы!
148 мектеп-гимназияның 5 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшісінің жетекшілігімен қысқы демалыс кезеңінде мәдени-танымдық іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында оқушылар «Аватар» көркем фильмін тамашалап, ойын-сауық орталығында ұйымдастырылған түрлі ойындарға қатысып, жағымды әсер алды. Аталған демалыс оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етті. Қысқы каникул оқушылар үшін мазмұнды әрі есте қаларлықтай өтті.
Қош бол, қымбатты Әліппе!
24
желтоқсан
2025
Қош бол, қымбатты Әліппе!
Әліппе – білімге бастар алғашқы баспалдақ, әріптер әлеміне жол ашқан асыл қазына. №148 мектеп-гимназиясында 1 «Д» сынып оқушылары үшін «Әліппемен қоштасу» атты мәнді де әсерлі шара өтті. Оқушылар оқу жылы барысында әріптерді танып, буындап оқуды меңгеріп, үлкен білім жолына нық қадам басты. Бұл күн – олардың алғашқы оқу жетістіктерін қорытындылаған ерекше сәт болды. Жас бүлдіршіндерге алдағы оқу жолында табыс, білімге деген қызығушылық пен талмай ізденіс тілейміз. Алға, жас оқырмандар! Сынып
Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар мектебімізде жоғары деңгейде өткізіледі
22
желтоқсан
2025
Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар мектебімізде жоғары деңгейде
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 1–11 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық іс-шаралар кестеге сәйкес ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілуде. Мерекелік бағдарламалар барысында оқушылар өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, түрлі қойылымдар көрсетті. Сондай-ақ, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өткізілген ойын-сауықтар мен дискотека балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады. Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық пен ынтымақтастықты
№148 мектеп-гимназиясының мұғалімі республикалық байқауда жүлделі орын иеленді
18
желтоқсан
2025
№148 мектеп-гимназиясының мұғалімі республикалық байқауда жүлделі
“Өрлеу” БАҰО” АҚФ “Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты” 2025 жылғы 12 желтоқсанда орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған республикалық «STEM-педагог» байқауын өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты – STEM білім беру саласындағы педагогтердің инновациялық тәжірибесін анықтау, қолдау және насихаттау. Республиканың түкпір-түкпірінен қатысқан 100-ден астам педагогтің арасынан Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Нургожина Ляйля
7 «Ә» сыныбында Тәуелсіздік күніне арналған ашық сынып сағаты өтті
17
желтоқсан
2025
7 «Ә» сыныбында Тәуелсіздік күніне арналған ашық сынып сағаты өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 7 «Ә» сыныбымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға қонақ ретінде Желтоқсан оқиғасының куәгері Сайлыгулова Ғайни Ахметовна шақырылды. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, елін, жерін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздік пен Желтоқсан оқиғасына арналған өлеңдер оқып, тарихи мағлұматтармен танысты. Қонақ өз өмірінен сыр
16 желтоқсанға орай сурет көрмесі ұйымдастырылды.
17
желтоқсан
2025
16 желтоқсанға орай сурет көрмесі ұйымдастырылды.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық көзқарасы көрініс тапты. ​https://www.instagram.com/p/DSZHZfiCgtn/?hl=ru​​​
Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары
15
желтоқсан
2025
Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Сабақтар барысында оқушылар еліміздің азаттық жолы, тәуелсіздікке жету тарихы, еркін ел болудың маңызы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, жас ұрпақтың патриоттық сезімін арттыру, отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында әртүрлі ойындар мен шығармашылық тапсырмалар жүргізілді. Бұл іс-шара оқушылардың тәуелсіздікке деген құрметін нығайтып, ел
Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығымыз
15
желтоқсан
2025
Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығымыз
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 5 «Б» сыныбында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» 🇰🇿 тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылар еліміздің азаттық жолындағы күресі, тәуелсіз ел болудың мәні мен маңызы туралы мағлұмат алды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызына ерекше назар аударылып, 1991 жылғы 16 желтоқсанның Қазақстан тарихындағы айрықша күн екені атап өтілді. Сабақ аясында оқушылар «Тәуелсіздік