Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Таңғы дене жаттығулары – сергек күннің бастауы
09
қазан
2025
Таңғы дене жаттығулары – сергек күннің бастауы
Бүгін мектепте оқу күні дәстүрлі түрде таңғы дене жаттығуларымен басталды. Бұл бастама – салауатты өмір салтын насихаттаудың, оқушылардың бойында шынығуға деген қызығушылықты арттырудың және күні бойғы сергек көңіл күй қалыптастырудың тиімді жолы. Таңғы жаттығулар: Оқушылардың денсаулығын нығайтуға; Көңіл-күйін көтеріп, сабаққа деген ынтасын арттыруға; Тәртіпке баулуға және күн тәртібін дұрыс ұстануға ықпал етеді. Белсенді қозғалыс – денсаулықтың кепілі. Күнделікті таңғы гимнастика мектеп
«Білімді мыңды жығады» зияткерлік сайысы өтті
08
қазан
2025
«Білімді мыңды жығады» зияткерлік сайысы өтті
Мектеп кітапханасында 5-сынып оқушылары арасында «Білімді мыңды жығады» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараны 6 “Ғ” сынып жетекшісі Нұрсұлтанова А. және 5 “Д” сынып жетекшісі Сагипова Г. К. бірлесіп өткізді. Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында оқушылар: Түрлі пәндер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді; Топпен жұмыс жасап, бір-бірімен пікір алмасты; Жылдам
148 мектеп-гимназиясында өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне үміткерлер сайысы өтуде
07
қазан
2025
148 мектеп-гимназиясында өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне
148 мектеп-гимназиясында өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне үміткерлер сайысы өтуде Мектебімізде оқушылардың көшбасшылық қасиетін дамыту, ұйымдастырушылық қабілетін шыңдау, мектеп өміріне белсенді араластыру мақсатында «Өзін-өзі басқару» ұйымының президентін сайлау науқаны басталды. 2025–2026 оқу жылына арналған бұл лауазымға мектептің белсенді, жауапкершілікті жоғары деңгейде сезінетін үш үміткер өз кандидатураларын ұсынды: Тұрсынбай Ансар – 10 "А" сынып оқушысы Ансар өзінің
«Цифрлы әлемде қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
06
қазан
2025
«Цифрлы әлемде қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
Қауіпсіз интернет пен ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 9 "Б" сынып оқушыларымен «Цифрлы әлемде қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылар: Интернеттегі жеке деректерді қорғау жолдарын; Әлеуметтік желілерде жауапкершілікпен әрекет ету ережелерін; Кибербуллинг, фишинг, жалған ақпарат тарату сынды заманауи қауіптер туралы мағлұматтарды талқылады. Іс-шара оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, ғаламтор кеңістігінде қауіпсіздік сақтау ережелерін
Дублёр күні – тәжірибе мен жауапкершілікке толы күн
06
қазан
2025
Дублёр күні – тәжірибе мен жауапкершілікке толы күн
Дублёр күні – тәжірибе мен жауапкершілікке толы күн Мектебімізде оқушылар үшін ерекше маңызы бар Дублёр күні өткізілді. Бұл шара барысында жоғары сынып оқушылары ұстаздардың орнына сабақ жүргізіп, мұғалімнің бір күндік міндетін атқарды. Мақсаты – оқушыларға жауапкершіліктің не екенін сезіндіру, педагог еңбегінің маңызын ұғындыру және білім беру үдерісіне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік беру. Оқушылар мұғалім болудың оңай еместігін, бұл кәсіптің үлкен дайындық пен сабырлықты талап ететінін
Ұстаз – ұлттың шамшырағы
03
қазан
2025
Ұстаз – ұлттың шамшырағы
Ұстаз – шәкірт жүрегіне нұр құйып, білімнің таусылмас бұлағын сыйлайтын ұлы тұлға. Ол – тек оқытушы ғана емес, жас ұрпаққа өмірлік бағыт-бағдар көрсететін тәрбиеші, қамқоршы, екінші ата-ана. Ұстаздың әрбір сөзі – даналық, әрбір ісі – өнеге, әрбір шәкірті – еңбегінің жемісі. 148 мектеп-гимназиясының ұжымы барша ұстаздарды кәсіби мерекелері – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды! Барлық ардақты ұстаздарға тағзым ете отырып, сіздердің білім мен тәрбие жолындағы өлшеусіз еңбектеріңізге зор
Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды
02
қазан
2025
Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды
148 мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен ұжымы барша әріптестерімізді, еліміздегі барлық ұстаздар қауымын кәсіби мерекелері – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды! Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол – жүрек жылуын аямайтын жан, бала жүрегіне үміт пен сенім ұялататын тұлға. Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз бен шәкірттерге деген шексіз қамқорлықтарыңыз – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Барша ұстаздарға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жас ұрпақ тәрбиелеу
«Қарттарын қадірлеген ел – ардақты» атты тағылымды іс-шара өтті
01
қазан
2025
«Қарттарын қадірлеген ел – ардақты» атты тағылымды іс-шара өтті
2025 жылдың 1 қазан күні №148 мектеп-гимназиясында Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел – ардақты» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларды үлкендерді құрметтеуге, ұрпақтар сабақтастығын бағалауға тәрбиелеу, қарттардың өмір жолына, еңбегіне құрметпен қарауға баулу. Іс-шара барысында оқушылар қонақтарға арналған ән-шашуларын арнап, би билеп, әсерлі көріністер қойды. Ардагер ұстаздар мен зейнеткер қарттар шақырылып, олармен жылы жүздесу ұйымдастырылды.
«Мотивация – адам жанының талпыныс күші» атты семинар өтті
30
қыркүйек
2025
«Мотивация – адам жанының талпыныс күші» атты семинар өтті
2025 жылғы 30 қыркүйек күні №148 мектеп-гимназия базасында Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «Психологиялық қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «Мотивация – адам жанының талпыныс күші» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – педагог-психолог мамандардың кәсіби қызметінде мотивацияның маңызын арттыру, ішкі ынталандыру көздерін анықтау және оны тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын қарастыру. Семинарға Жетісу ауданының білім беру ұйымдарында қызмет ететін педагог-психолог мамандар
Жетістігіміз – ұстаздарымыздың еңбегінде
29
қыркүйек
2025
Жетістігіміз – ұстаздарымыздың еңбегінде
Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығына орай өткен Алматы қалалық мұғалімдер арасындағы спартакиадада футболдан ІІ орын иеленген Жетісу құрамасының ойыншысы, №148 мектеп-гимназиясының мұғалімі Еркінбеков Ғалымжан арнайы марапатқа ие болды. Сондай-ақ команданы жарысқа дайындағаны үшін Еркінбеков Ғалымжанға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдірілді. Осындай жан-жақты, кәсіби деңгейі жоғары ұстаздарымыздың табыстары – мектебіміз үшін зор мәртебе. Бұл жетістік – тек спорт