Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы тазалық жұмыстары
16
қаңтар
2026
«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы тазалық жұмыстары
№148 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – мектеп аумағының тазалығын сақтау, білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ экологиялық мәдениетті дамыту. Тазалық – тәртіптің, ал қауіпсіз орта – сапалы білімнің кепілі. Таза орта – қауіпсіз болашақ!
VIII қалалық педагогикалық оқулар аясындағы мектепішілік іріктеу байқауы өтті
16
қаңтар
2026
VIII қалалық педагогикалық оқулар аясындағы мектепішілік іріктеу
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында 2026 жылға арналған VIII қалалық педагогикалық оқулар аясында мектепішілік іріктеу байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, сондай-ақ аудандық кезеңге ұсынылатын үздік жұмыстарды іріктеу болып табылады. Мектепішілік іріктеу байқауына 7 мұғалім қатысып, өздерінің шығармашылық және әдістемелік бағыттағы жұмыстарын ұсынды. Ұсынылған жұмыстар мазмұнының
Бірлескен жұмыс – сапалы білім кепілі
06
қаңтар
2026
Бірлескен жұмыс – сапалы білім кепілі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 06.01.2026 жылы №3 Педагогикалық кеңес отырысы өтті. Кеңес тақырыбы: «Инновациялық оқыту мен тәрбиелеу: білім сапасын арттырудың заманауи тәсілдері» 🔹 Күн тәртібінде: ▪️ 2025–2026 оқу жылының II тоқсан қорытындысы ▪️ I және II тоқсан нәтижелерін салыстырмалы талдау, білім сапасын арттыру бойынша пән мұғалімдерінің жұмысы ▪️ II тоқсанда оқу пәндері бойынша МЖМБС орындалуы ▪️ Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа ережелері 🔹 Практикалық бөлім: ▪️
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында  №3 әдістемелік кеңес отырысы өтті
06
қаңтар
2026
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында №3 әдістемелік кеңес отырысы
2026 жылғы 05 қаңтарда Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында №3 әдістемелік кеңес отырысы ұйымдастырылды. Кеңестің тақырыбы: «Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының нәтижесі» Отырыста білім беру сапасын арттыруға бағытталған өзекті және тәжірибелік маңызы жоғары мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда: 🔹 STEM технологиялары және оларды білім беру үдерісінде қолдану Баяндамашы: математика пәнінің мұғалімі Әмір Қалдыбек 🔹 Бастауыш және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік
Қош бол, қымбатты Әліппе!
24
желтоқсан
2025
Қош бол, қымбатты Әліппе!
Әліппе – білімге бастар алғашқы баспалдақ, әріптер әлеміне жол ашқан асыл қазына. №148 мектеп-гимназиясында 1 «Д» сынып оқушылары үшін «Әліппемен қоштасу» атты мәнді де әсерлі шара өтті. Оқушылар оқу жылы барысында әріптерді танып, буындап оқуды меңгеріп, үлкен білім жолына нық қадам басты. Бұл күн – олардың алғашқы оқу жетістіктерін қорытындылаған ерекше сәт болды. Жас бүлдіршіндерге алдағы оқу жолында табыс, білімге деген қызығушылық пен талмай ізденіс тілейміз. Алға, жас оқырмандар! Сынып
Сингапурлық тәжірибе – білім сапасына жаңа серпін!
31
қазан
2025
Сингапурлық тәжірибе – білім сапасына жаңа серпін!
Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы аясында Қазақстанның білім жүйесіне әлемдік тәжірибені енгізу, PISA және TIMSS талаптарына сай жаратылыстану мен математикалық сауаттылықты арттыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімдерінен жетекші тренерлер даярлануда. Осы бағдарлама аясында №148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Нұргожина Ляйля Каскановна Сингапур мемлекетінде тағылымдамадан өтіп, халықаралық тәжірибе жинақтады. 31 қазан күні ұстазымыз Сингапурлық озық тәжірибені
25 Қазан – Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызды күн
24
қазан
2025
25 Қазан – Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызды күн
25 қазан – еліміз тарихындағы маңызды күндердің бірі. Бұл күн егемен Қазақстанның тұғырын бекітіп, тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарымыздың айғағы болып табылады. Республика күні әрбір қазақстандықтың жүрегінде отаншылдық сезімін оятатын, ел бірлігі мен тәуелсіздікті дәріптейтін ұлық мереке болып есептеледі. Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Республика күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, оқушылар мен педагогтер патриоттық сезімге толы өнерлерін ортаға салды. Концерттік
«Атамекен» – жүректе жаңғырған ұлы үн
23
қазан
2025
«Атамекен» – жүректе жаңғырған ұлы үн
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының директоры мен оқушылары қазақтың қастерлі «Атамекен» әнін орындап, Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты дәріптеді. Бұл шара жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды бағалап, туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. «Атамекенге» деген мақтаныш пен құрмет – әрбір қазақ жүрегіндегі мәңгілік аманат болып табылады. Туған жерін қадірлеген ұрпақ – елдің болашағы мен дамуының кепілі. https://www.instagram.com/p/DQMEnWOiiI_/?hl=ru
«Жырым мені ешқашан өлтірмейді» атты әдеби кеш өтті
26
қыркүйек
2025
«Жырым мені ешқашан өлтірмейді» атты әдеби кеш өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, халықтың сүйікті жыршысы Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған «Жырым мені ешқашан өлтірмейді» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында ұстаздар ақынның жүректен шыққан сырлы жырларын, ел есінде сақталған әндерін орындап, көрермен қауымға әсерлі рухани кеш сыйлады. Биыл қазақтың ардақты ақыны Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толып отыр. Осы орайда өткізілген бұл шара – ақын мұрасын насихаттап,
№148 мектеп-гимназиясының педагогтары «Алматы ұстазы» конкурсында III орын алды
25
қыркүйек
2025
№148 мектеп-гимназиясының педагогтары «Алматы ұстазы» конкурсында III
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының ұстаздары кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, «Алматы ұстазы» қалалық конкурсының екінші кезеңінде жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Бастауыш сынып мұғалімі Каршалова Балжан байқаудың екінші кезеңінде жүлделі III орынға ие болды. Бұл – ұстаздың қажырлы еңбегі мен шәкірттерге деген шынайы сүйіспеншілігінің айқын жемісі. Сонымен қатар, тарих пәні мұғалімі Ердәулет Исахов та қалалық «Алматы Ұстазы» байқауында III орын иегері атанды. Бұл жетістік оның кәсіби