Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ақпан 2026 года » Страница 5
Ашық сабақ: «Галогендердің қасиеттері»
09
ақпан
2026
Ашық сабақ: «Галогендердің қасиеттері»
Мектебімізде химия пәні мұғалімі Тәлен Салтанат Ибатқызы 10 «Ә» сыныбымен «Галогендердің қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ STEM технологиясы негізінде ұйымдастырылып, білім алушылардың зерттеушілік, тәжірибелік және жобалық дағдыларын дамытуға бағытталды. Сабақ барысында оқушылар ғалымдар рөлінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, технологтар ретінде виртуалды зертханада улы хлор газын алу үдерісін модельдеді. Сонымен қатар инженерлер тобы су тазарту қондырғысының макетін жасап,
Ұстаздар арасындағы “Мұқағали оқулары” челленджі
09
ақпан
2026
Ұстаздар арасындағы “Мұқағали оқулары” челленджі
Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың бай әдеби мұрасын насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында мектебімізде ұстаздар арасында “Мұқағали оқулары” челленджі ұйымдастырылды. Челлендж аясында педагогтер ақынның жүрекке жетер терең мазмұнды өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармашылық қабілеттерін паш етті. Бұл іс-шара ұстаздар қауымының рухани мәдениетін дамытуға, әдебиетке деген құрмет пен қызығушылықты арттыруға ықпал етті. Поэзия – рухани байлықтың қайнар көзі. Мұқағали Мақатаевтың
«Зерделі ұрпақ» олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті
06
ақпан
2026
«Зерделі ұрпақ» олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында 5-сынып оқушылары арасында «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының мектепшілік кезеңі өткізілді. Бұл кезеңде оқушылар тек математика пәні бойынша білімдерін сынады. Олимпиадаға 10 оқушы қатысты. Қатысушылардың нәтижелері жақын арада жарияланады, ал аудандық кезеңге қатысатын оқушылардың тізімі нәтижелер анықталған соң белгілі болады. Алдағы аудандық кезеңде оқушылар білімдерін келесі пәндер бойынша тексеретін болады: Математика Жаратылыстану Оқу сауаттылығы
Балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету: ата-аналармен кездесу
05
ақпан
2026
Балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету: ата-аналармен кездесу
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, педагог-психолог, учаскелік инспектор және пән мұғалімдері қатысты. Кездесу барысында бір сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі, оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас, психологиялық ахуал және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері жан-жақты қаралды. Ерекше назар буллингтің алдын алу және оны болдырмау жолдарына аударылды. Педагог-психолог пен учаскелік инспектор ата-аналарға құқықтық
«Жаратылыстану ғылымдары – зерттеулер мен инновациялар бастауы» атты онкүндік
05
ақпан
2026
«Жаратылыстану ғылымдары – зерттеулер мен инновациялар бастауы» атты
Сіздерді «Жаратылыстану ғылымдары – зерттеулер мен инновациялар бастауы» тақырыбында өтетін жаратылыстану пәндері онкүндігінің ашылу салтанатына қатысуға шақырамыз. Онкүндік аясында физика, химия, биология, география пәндері бойынша танымдық іс-шаралар, ашық сабақтар, тәжірибелік жұмыстар, зияткерлік сайыстар мен ғылыми жобалар ұсынылады. Аталған іс-шаралар оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Белсенді қатысып, ғылым
English Week | Almaty Famous People
04
ақпан
2026
English Week | Almaty Famous People
Ағылшын тілі апталығы аясында 5–10-сынып оқушылары «Almaty Famous People» тақырыбында танымдық жобалық жұмыстарын қорғады. Іс-шара барысында оқушылар Алматы қаласынан шыққан немесе қала тарихымен тығыз байланысты атақты тұлғалардың өмірбаянын зерттеп, олардың есімімен аталған көшелер, мәдени нысандар мен ғимараттар туралы ағылшын тілінде қысқаша жобалар ұсынды. Жобалар оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, зерттеу қабілеттерін арттыруға және туған өлкенің тарихына деген қызығушылығын