Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Өнерлі ұстаз – 2025»
08
желтоқсан
2025
«Өнерлі ұстаз – 2025»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Жетісу ауданы көркем еңбек және музыка пәні мұғалімдері арасында өткен «Өнерлі ұстаз – 2025» байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Байқау барысында педагогтар кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілетін, пәнге деген сүйіспеншілігін, сондай-ақ инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудағы ізденісін көрсетті. Өнер мен педагогиканы үйлестіре білген ұстаздар эстетикалық тәрбиенің маңызын ашып, өз тәжірибелерімен бөлісті. 🏆 Байқау жеңімпаздары: 🥇 1-орын
Тыйым салынған заттардың алдын алу бойынша қауіпсіздік түсіндіру жұмыстары
05
желтоқсан
2025
Тыйым салынған заттардың алдын алу бойынша қауіпсіздік түсіндіру
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тыйым салынған заттарды (кастет, патрон және басқа оқ-дәрілер) алып келудің қауіптілігі мен заң алдындағы жауапкершілігі бойынша арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мектеп инспекторы Сальменов Рауан қатысып, оқушыларға қолданыстағы заң талаптарын түсіндірді. Инспектор тыйым салынған заттарды мектепке алып келу немесе сақтау әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.
Тыйым салынған заттардың алдын алу бойынша қауіпсіздік сабақтары өткізілді
03
желтоқсан
2025
Тыйым салынған заттардың алдын алу бойынша қауіпсіздік сабақтары
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және тыйым салынған заттарды мектеп аумағына әкелудің алдын алу мақсатында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сабақ барысында келесі тақырыптар қарастырылды: Кастет, патрон және басқа да тыйым салынған заттардың түрлері; Оларды мектепке әкелудің заң алдындағы жауапкершілігі; Оқушылардың өзін-өзі қорғаудың қауіпсіз әрі заңды жолдары. Сонымен қатар, мұғалімдер мен инспекторлар тарапынан
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
02
желтоқсан
2025
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің шығармашылық жобаларын таныстырып, ғылыми-зерттеу дағдыларын көрсетті. Барлық қатысушылардың еңбегі жоғары бағаланып, олардың шығармашылық және зерттеу қабілеттері ерекше атап өтілді. Іс-шара оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға, зерттеу жұмыстарына деген ынтасын күшейтуге және инновациялық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.
«Заң және тәртіп» секторы — мектептегі қауіпсіздік пен жауапкершіліктің тірегі
01
желтоқсан
2025
«Заң және тәртіп» секторы — мектептегі қауіпсіздік пен
№148 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы оқушылардың белсенділігін арттыру, мектепішілік тәртіпті сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. «Заң және тәртіп» секторының негізгі міндеттері: Мектептің ішкі тәртіп ережелерінің орындалуын қадағалау; Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру; Тәртіп бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру; Сыныптар арасында түсіндіру және профилактикалық әңгімелер өткізу; Қауіпсіз білім беру ортасын
Жаратылыстану пәні бойынша ашық сабақ өткізілді
28
қараша
2025
Жаратылыстану пәні бойынша ашық сабақ өткізілді
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған бастауыш сынып пәндерін оқытуда жасанды интеллектінің рөлі» тақырыбы аясында 1 «Д» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Дене мүшелері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақты бастауыш сынып мұғалімі Қалқанбай Аяулым Ардаққызы жоғары деңгейде ұйымдастырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер қолданды. Семинарға Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, сабақ барысын бақылап, тәжірибе
Қалалық семинар: «Тыныс алу мүшелері» тақырыбындағы ашық саба
27
қараша
2025
Қалалық семинар: «Тыныс алу мүшелері» тақырыбындағы ашық саба
Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясында Жаратылыстану пәні бойынша қалалық семинар өтті. Семинарға Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 3 «В» сынып жетекшісі Садыкова Мейрамгүл «Тыныс алу мүшелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар тыныс алу жүйесінің құрылымы мен қызметі жөнінде терең мағлұмат алып, тәжірибелік тапсырмалар арқылы білімдерін
Қалалық семинар аясында ашық сабақ пен тәжірибе алмасу шарасы өткізілді
26
қараша
2025
Қалалық семинар аясында ашық сабақ пен тәжірибе алмасу шарасы
«Шебер мұғалім – оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың кілті» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған онкүндік барысында қалалық семинар өтті. Іс-шараға Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар шеңберінде Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Жошыбаева Мархабат 1-сынып оқушыларымен «Әә дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Іс-шараның
Мектептің экология министрлері «Мектепті таза сақтау» акциясын өткізді
21
қараша
2025
Мектептің экология министрлері «Мектепті таза сақтау» акциясын өткізді
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының экология министрлері мектептің тазалығын сақтау, оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Мектепті таза сақтау» акциясын ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар мектеп ауласын, сынып бөлмелерін және қоғамдық орындарды жинап, тазалық ережелерін қатаң сақтаудың маңызын көрсетті. Сонымен қатар, акция экологиялық жауапкершілік пен табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталды. Бұл шара мектеп қауымдастығында тазалық мәдениетін нығайтып,
Daryn Bagdar платформасымен бірлескен кәсіби бағдар тестілеуі өтті
21
қараша
2025
Daryn Bagdar платформасымен бірлескен кәсіби бағдар тестілеуі өтті
Кәсіби бағдар беру бағытында маңызды жұмыс жүргізілді 21.11.2025 күні №148 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушылары үшін Daryn Bagdar платформасымен бірлескен кәсіби бағдар тестілеуі ұйымдастырылды. Өткізілген тест түрлері: 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар тесті; AI-профориентатор тесті; Дэн Олвеустың «Буллинг» психологиялық тесті. Қатысушылар туралы ақпарат: Оқушылар саны: 20 Педагог-профориентатор: Бесбай Гүлмира Тестілеу уақыты: 11:00–11:25 Тестілеу жоғары деңгейде өткізілді,