Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25 Қазан – Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызды күн
24
қазан
2025
25 Қазан – Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызды күн
25 қазан – еліміз тарихындағы маңызды күндердің бірі. Бұл күн егемен Қазақстанның тұғырын бекітіп, тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарымыздың айғағы болып табылады. Республика күні әрбір қазақстандықтың жүрегінде отаншылдық сезімін оятатын, ел бірлігі мен тәуелсіздікті дәріптейтін ұлық мереке болып есептеледі. Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Республика күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, оқушылар мен педагогтер патриоттық сезімге толы өнерлерін ортаға салды. Концерттік
Оқушылар еңбегі мен шығармашылығын дәріптеген «Күзгі жәрмеңке»
24
қазан
2025
Оқушылар еңбегі мен шығармашылығын дәріптеген «Күзгі жәрмеңке»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен дәстүрлі «Күзгі жәрмеңке» өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ табиғат сыйын құрметтеу мен маусымдық өнімдердің пайдасын түсіндіру болды. Жәрмеңке барысында оқушылар мен ата-аналар өз қолдарымен дайындалған өнімдерін ұсынды. Күзгі жемістер мен көкөністерден жасалған тағамдар, тәттілер мен қолданбалы бұйымдар жәрмеңкенің көркін арттырды. Шара
«Атамекен» – жүректе жаңғырған ұлы үн
23
қазан
2025
«Атамекен» – жүректе жаңғырған ұлы үн
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының директоры мен оқушылары қазақтың қастерлі «Атамекен» әнін орындап, Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты дәріптеді. Бұл шара жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды бағалап, туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. «Атамекенге» деген мақтаныш пен құрмет – әрбір қазақ жүрегіндегі мәңгілік аманат болып табылады. Туған жерін қадірлеген ұрпақ – елдің болашағы мен дамуының кепілі. https://www.instagram.com/p/DQMEnWOiiI_/?hl=ru
«Сандар және кодтар әлемі» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті
23
қазан
2025
«Сандар және кодтар әлемі» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Сандар және кодтар әлемі» атты математика және информатика пәндері онкүндігінің жабылу салтанаты ұйымдастырылды. Шараға мектеп ұжымы мен оқушылардың ерекше қонағы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Мұхтарбай Өтелбаев қатысты. Кездесу барысында профессор математика ғылымының өмірдегі маңыздылығы, табандылық пен еңбектің құндылығы туралы маңызды ойларымен бөлісті. Оқушылар мен ұстаздар өз сұрақтарын қойып,
Республика күніне арналған сурет көрмесі
22
қазан
2025
Республика күніне арналған сурет көрмесі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 25 қазан – Республика күніне орай оқушылардың шығармашылық еңбектері мен өнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – жас ұрпақты Отанға деген патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеу, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көрмеге әр сыныптан оқушылар өз туындыларын ұсынды. Онда Қазақстанның тарихы мен табиғаты, елдің мәдениеті мен дәстүрі көркем бейнеленген жұмыстар қойылды.
«Цифрлық тазалық күні» танымдық-практикалық іс-шарасы
21
қазан
2025
«Цифрлық тазалық күні» танымдық-практикалық іс-шарасы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында информатика пәні мұғалімі Абилжанова Меруерт Хасенаевнаның ұйымдастыруымен «Цифрлық тазалық күні» атты танымдық-практикалық іс-шара өткізілді.  Аталған шара онкүндіктің алғашқы бастамасы ретінде ұйымдастырылып, оқушылардың ақпараттық мәдениетін арттыруды, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тазалықты сақтау дағдыларын қалыптастыруды мақсат етті. Мектеп қабырғасында алғаш рет өткізілген бұл іс-шара
«Оқу мен есеп – ептілердің жарысы» эстафеталық сайысы
20
қазан
2025
«Оқу мен есеп – ептілердің жарысы» эстафеталық сайысы
20 қазан күні бастауыш апталығының қарсаңында мектебімізде 1-сыныптар арасында «Оқу мен есеп – ептілердің жарысы» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – жас оқушылардың мектеп өміріне бейімделуіне ықпал ету, білімге деген қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа және достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу болды. Жарысқа қатысушылар түстер бойынша топтарға бөлінді: Ақ, Жасыл, Сары, Қызыл, Қызғылт, Көк және Сұр топтары. Әр топ оқу және есеп тапсырмаларын орындап, жылдамдық пен
Өзін-өзі басқару ұйымының министрлері сайланды
20
қазан
2025
Өзін-өзі басқару ұйымының министрлері сайланды
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында Өзін-өзі басқару ұйымының министрлерін сайлау сәтті өтті. Жаңа сайланған министрлер өздеріне жүктелген міндеттер мен жауапкершілікті толық түсініп, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға дайын екендіктерін көрсетті. Бұл сайлау оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, жауапкершілік пен ұжымдық іс-әрекетті нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болып табылады. Алдағы уақытта министрлер өз жоспарларын жүзеге асырып, мектеп ішіндегі жұмыс
«Алтын түлек» байқауының мектепішілік кезеңі өтті
17
қазан
2025
«Алтын түлек» байқауының мектепішілік кезеңі өтті
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында 10–11 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» байқауының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды. Бұл кезеңде қатысушылар өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынап көрді. Байқау математика пәні бойынша өткізіліп, оқушыларға әртүрлі деңгейдегі есептер мен логикалық тапсырмалар ұсынылды. Қатысушылар білімдерін көрсете отырып, бәсекелестік ортада ой еркіндігін және тапқырлығын танытты. Іс-шараның басты мақсаты — түлектердің білімге деген ынта сын
«Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» атты семинар-тренинг өтті
16
қазан
2025
«Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» атты
2025 жылғы 15–16 қазан күндері Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының бастамасымен Алматы қаласы Білім басқармасы және «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» тақырыбында семинар-тренинг жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар әділетті қоғам ұғымының мәні мен маңызын терең түсініп, саяси тұрақтылықтың, адам құқықтарын сақтау мен азаматтық жауапкершіліктің, сондай-ақ құндылықтарға негізделген басқару