Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сингапурлық тәжірибе – білім сапасына жаңа серпін!
31
қазан
2025
Сингапурлық тәжірибе – білім сапасына жаңа серпін!
Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы аясында Қазақстанның білім жүйесіне әлемдік тәжірибені енгізу, PISA және TIMSS талаптарына сай жаратылыстану мен математикалық сауаттылықты арттыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімдерінен жетекші тренерлер даярлануда. Осы бағдарлама аясында №148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Нұргожина Ляйля Каскановна Сингапур мемлекетінде тағылымдамадан өтіп, халықаралық тәжірибе жинақтады. 31 қазан күні ұстазымыз Сингапурлық озық тәжірибені
№2 Педагогикалық кеңес өтті
30
қазан
2025
№2 Педагогикалық кеңес өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Табысты тұлға қалыптастырудағы құндылықтарға бағытталған білім беру» тақырыбында педагогикалық кеңес ұйымдастырылды. Кеңесте 2025–2026 оқу жылының І тоқсан қорытындысы қаралып, оқу сапасы мен оқушылардың жетістігіне талдау жүргізілді. Сонымен қатар мұғалімдер ЕБҚ (еңбекбасты құндылықтар) оқушылармен жұмыс тәжірибесін, тұлғалық қасиеттерді дамыту әдістерін ортаға салды. Практикалық бөлімде баяндамашылар: Дүйсенбекова Қ., Нарбаева К.Ж. – «ЕБҚ оқушылардың
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында әдістемелік кеңес өтті
29
қазан
2025
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында әдістемелік кеңес өтті
Мектепте жаңа оқу жылының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында әдістемелік кеңес ұйымдастырылды. Кеңес барысында ұстаздар тәжірибе алмасып, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бағытында маңызды ұсыныстар айтты. Педагогикалық талқылаулар оқыту әдістемелерін дамытуға, инновациялық тәсілдерді енгізуге және білім сапасын арттыруға бағытталды. Осындай кәсіби кездесулер ұстаздардың шеберлігін жетілдіріп, ортақ мақсат жолында бірігуге және шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Республика күніне орай мерекелік демалыс
25
қазан
2025
Республика күніне орай мерекелік демалыс
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 1 сынып оқушылары Республика күніне арналған мерекелік көңіл-күймен күзгі демалыстың алғашқы күнін атап өтті. Балалар Алматы циркіне барып, түрлі қызықты қойылымдарды тамашалап, естен кетпес әсер алды. Мереке күні осылайша шаттық пен қуанышқа толы сәттермен басталды. Осы іс-шара балалардың мәдени өмірге қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған.
24 қазан — Кітапханашылар күні!
24
қазан
2025
24 қазан — Кітапханашылар күні!
24 қазан күні елімізде Кітапханашылар күні аталып өтеді. Бұл күн – рухани байлықтың, білім мен мәдениеттің қайнар көзі саналатын кітап қазынасын ұрпаққа жеткізіп, оқырман мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосып жүрген кітапхана қызметкерлерінің еңбегін дәріптейтін мереке. Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының ұжымы барша кітапханашыларды, соның ішінде мектеп кітапханасының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды. Кітапханашылардың еңбегі – жас ұрпақтың оқу мәдениетін қалыптастыруға,
«Математика пәнін оқыту: қазіргі тенденциялар мен әдістер» тақырыбындағы қалалық семинар
23
қазан
2025
«Математика пәнін оқыту: қазіргі тенденциялар мен әдістер»
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Математика пәнін оқыту: қазіргі тенденциялар мен әдістер» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – заманауи білім беру талаптарына сай тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін талқылау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды. Қатысушылар мектепті аралап, оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық базасымен, білім ордасындағы жаңашыл жобалармен және цифрлық орта мүмкіндіктерімен танысты. Семинар
«Сандар және кодтар әлемі» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті
23
қазан
2025
«Сандар және кодтар әлемі» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Сандар және кодтар әлемі» атты математика және информатика пәндері онкүндігінің жабылу салтанаты ұйымдастырылды. Шараға мектеп ұжымы мен оқушылардың ерекше қонағы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Мұхтарбай Өтелбаев қатысты. Кездесу барысында профессор математика ғылымының өмірдегі маңыздылығы, табандылық пен еңбектің құндылығы туралы маңызды ойларымен бөлісті. Оқушылар мен ұстаздар өз сұрақтарын қойып,
Республика күніне арналған сурет көрмесі
22
қазан
2025
Республика күніне арналған сурет көрмесі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 25 қазан – Республика күніне орай оқушылардың шығармашылық еңбектері мен өнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – жас ұрпақты Отанға деген патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеу, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көрмеге әр сыныптан оқушылар өз туындыларын ұсынды. Онда Қазақстанның тарихы мен табиғаты, елдің мәдениеті мен дәстүрі көркем бейнеленген жұмыстар қойылды.
Салауатты өмір салтын насихаттаған велошеру
22
қазан
2025
Салауатты өмір салтын насихаттаған велошеру
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімдері Еркінбеков Ғалымжан мен Маждинов Бақытжан жас спортшы-оқушылармен бірге Жетісу аудандық әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен өткен велошеру шарасына белсенді түрде қатысты. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар арасында спорт мәдениетін дамыту, отансүйгіш рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ Республика күнінің маңызын дәріптеу болды. Велошеруге қатысушылар жоғары белсенділік
Өзін-өзі басқару ұйымының министрлері сайланды
20
қазан
2025
Өзін-өзі басқару ұйымының министрлері сайланды
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында Өзін-өзі басқару ұйымының министрлерін сайлау сәтті өтті. Жаңа сайланған министрлер өздеріне жүктелген міндеттер мен жауапкершілікті толық түсініп, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға дайын екендіктерін көрсетті. Бұл сайлау оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, жауапкершілік пен ұжымдық іс-әрекетті нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болып табылады. Алдағы уақытта министрлер өз жоспарларын жүзеге асырып, мектеп ішіндегі жұмыс