Наурыз — ұлттың ұлы мейрамы!
Наурыз — ұлттың ұлы мейрамы! Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясының 8 “А” сынып білім алушылары көктемнің жаршысы, береке мен бірліктің белгісі — Наурыз мейрамын ерекше ықыласпен атап өтті! Бұл күн – тек мереке ғана емес, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді дәріптейтін тағылымды сәт болды. Оқушыларымыз киіз басу өнері туралы мағлұмат алып, өз қолдарымен ұлттық бұйым жасаудан тәжірибе жинады ✋. Қол күрес, салт-дәстүрге негізделген ұлттық ойындар ойналып, «Қара жорға» биі мен күй, ән