Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстанда балалардың құқықтары қалай қорғалады?
04
қыркүйек
2025
Қазақстанда балалардың құқықтары қалай қорғалады?
Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы құқықтық негіздер ұлттық заңдар мен халықаралық нормалар арқылы қамтамасыз етілген. Ұлттық заңнама аясында: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекс, «Бала құқықтары туралы» заң балалардың білім алуына, денсаулығын қорғауға, отбасында және қоғамда қауіпсіз ортада өмір сүруіне, жан-жақты дамуына құқықтық негіз қалайды. Халықаралық
Құсмұрын ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді
04
қыркүйек
2025
Құсмұрын ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Құсмұрын ауылында жаңа №1 жалпы білім беретін мектеп салынды. Жаңа білім ордасы заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылар мен мұғалімдерге жайлы әрі қауіпсіз орта ұсынады. Мектептің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылып, кең, жарық сыныптар, IT-кабинеттер, пәндік зертханалар, спорт және акт залдары, кітапхана және коворкинг аймақтары қарастырылған.
Алматыда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ең ірі білім ордалары ашылды
03
қыркүйек
2025
Алматыда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ең ірі білім
Білім саласындағы ауқымды жаңғырудың жарқын көрінісі ретінде Алматы қаласында №224 және №221 жалпы білім беретін мектептер пайдалануға берілді. Әр мектеп 2500 оқушыға арналған заманауи үлгіде салынған. Бұл — еліміз бойынша «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асқан ең ірі білім нысандарының қатарында. Жаңа мектептер заманауи инфрақұрылыммен, кең және жарық сыныптармен, инновациялық пән кабинеттерімен, спорт залдары мен шығармашылыққа арналған арнайы бөлмелермен толық жабдықталған.
1 Қыркүйек – Білім күні құтты болсын!
01
қыркүйек
2025
1 Қыркүйек – Білім күні құтты болсын!
 1 Қыркүйек – Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы баршамызға жаңа үміт, жаңа арман, жаңа белес әкелсін! Оқушыларымыздың жүрегін білім нұры сәулелендіріп, ұстаздарымыздың еңбегі жемісті болсын. Бұл күн – тек білім алушылар үшін ғана емес, бүкіл ел үшін мерейлі мереке. Өйткені білім – болашағымыздың тұғыры, келешегіміздің кепілі. Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілейміз! Қымбатты оқушылар, алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, білім шыңына көтеріле
10 тамыз — Ұлы Абай күніне, қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы
11
тамыз
2025
10 тамыз — Ұлы Абай күніне, қазақтың кемеңгер ақыны Абай
https://www.instagram.com/p/DNKmIIwq0eQ/ Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясының 6 «Г» сынып оқушысы — Әділбек Фариза 10 тамыз — Ұлы Абай күніне, қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай өлеңін мәнерлеп оқып берді.  Фариза — өлең сөздің сазын, ақынның сырлы ойын жүрекпен жеткізген жас өнерпаз. Оқушымызға шығармашылық табыс тілейміз! #Абай180 #АбайКүні #МәнерлепОқу #6Гсыныбы #ЖетісуАуданы #148мектепгимназиясы #ЖасӨнерпаз #Мектепмақтанышы 
Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлем үшін үлкен сабақ.
06
мамыр
2025
Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлем үшін үлкен
Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлем үшін үлкен сабақ. Біз осы ақиқатты әрдайым есте сақтауымыз керек. Аға буынның өшпес ерлігі – ұрпаққа ұлағат. Отансүйгіштігі мен жанқиярлығы – үлгі-өнеге. Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ешқашан ұмытпаймыз! Ел қорғау – абыройлы міндет және зор жауапкершілік. Бұл – әр азаматтың перзенттік парызы. Рухымыз мықты, мемлекеттiлiгiмiз мәңгi болсын! Көк Туымыз биікте желбіресін! ​https://www.instagram.com/p/DJWrsnzMazC/​​​ 
№148 мектеп-гимназия білім алушыларымыз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай  ұйымдастырылған салтанатты «Саппен жүріп ән айту» байқауына қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды!
05
мамыр
2025
№148 мектеп-гимназия білім алушыларымыз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназия білім алушыларымыз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласы, Жетісу ауданындағы №137 Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінде ұйымдастырылған салтанатты «Саппен жүріп ән айту» байқауына қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды! Бұл — білім алушыларымыздың тәртібі, ұйымшылдығы мен патриоттық рухының айқын дәлелі! Батыр бабаларға тағзым етіп, олардың ерлігін әнмен жеткізу — нағыз ерлік! Жеңіске деген жігеріміз — көзімізде! Батыр бабалар ерлігі —
Жетысу ауданы №148 мектеп-гимназияның 9-сынып білім алушыларымен бірге «Алматы Автомеханикалық колледжіне» қызықты экскурсия ұйымдастырды.
28
сәуір
2025
Жетысу ауданы №148 мектеп-гимназияның 9-сынып білім алушыларымен
Жетысу ауданы №148 мектеп-гимназияның 9-сынып білім алушыларымен бірге «Алматы Автомеханикалық колледжіне» қызықты экскурсия ұйымдастырды. “2025 - Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында колледж мамандары білім алушыларға еңбекқорлықтың, шеберліктің және адал еңбектің маңыздылығын түсіндіріп, оқу ордасының күнделікті өмірімен таныстырды. Білім алушылар оқу кабинеттерін, токарь, дәнекерлеу және шанақ жөндеу шеберханаларын, асхана мен кітапхананы аралап көріп, болашақ мамандық таңдау жолындағы маңызды
«Бірлік бар жерде — жеңіс бар!»
24
сәуір
2025
«Бірлік бар жерде — жеңіс бар!»
«Бірлік бар жерде — жеңіс бар!» 7-8 сынып қыздар арасындағы қалалық футбол турнирінде Жетісу ауданы құрама командасы 1️⃣ орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама жеңіп алды! 🇰🇿⚽️ Жетысу ауданының намысын қорғаған қайсар қыздарға мың алғыс — Сіздер біздің нағыз мақтанышымызсыздар! 💪🏼 Команданың жеңісіне үлкен үлес қосқан жаттықтырушы әрі төреші – №148 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Еркінбеков Ғалымжанға алғысымыз шексіз! 👏🏼 Алда – республикалық дода! Сәттілік тілейміз!